Тарбағатай ауданы әкімінің 2011 жылғы 23 қарашадағы "Сайлау учаскелерiн құру туралы" № 20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 8117 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тарбағатай ауданы әкімінің 2011 жылғы 23 қарашадағы "Сайлау учаскелерiн құру туралы" № 20 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-16-117 тіркелген, 2011 жылғы 07 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасындағы № №908, 916, 936, 940, 947, 950 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын.

      "№ 908 Жетіарал сайлау учаскесі"

      Орталығы: Жетіарал ауылы, Мәдениет үйі, Керейбай көшесі №3.

      Жетіарал ауылы шекарасында:

      "№ 916 Қарасу сайлау учаскесі"

      Орталығы: Қарасу ауылы, Мәдениет үйі, Атабаев көшесі №3.

      Қарасу және Бәкей ауылдары шекарасында:

      "№ 936 Орталық сайлау учаскесі"

      Орталығы: Ақсуат ауылы, М.Имашев атындағы спорт мектебі, Қабанбай көшесі №35.

      М.Имашев №1-15, А.Байқыдыров №1-28, Тыныбаевтар №1-28, М.Әуезов №1-26, Қожамқұлов №1-29, Ә.Молдағұлова №1-38, Баянауыл №1-49, Тұяқ №1-49, Ш.Айманов №1-40, Т.Қосаев №1-30, У.Байзақов №1-26, Т.Ұранхаев №1-47, Жамбыл №1-20, К.Нұрбаев №1-25, Б.Момышұлы №1-19, Ш.Жүнісқұлов №1-18, Жандосов №1-20, Қабанбай №17-23, Жақсылықов №1-5, С.Мұқанов №5-10 көшелері шекарасында.

      "№ 940 Көкжыра сайлау учаскесі"

      Орталығы: Көкжыра ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектебі, 2 квартал көшесі №3.

      Шекарасы- Көкжыра.

      "№ 947 Қожакелді сайлау учаскесі"

      Сайлау учаскесінің орталығы-Қожакелді ауылы, Толағай мектеп-балабақша кешені, Араб батыр көшесі №21.

      Қожакелді ауылы шекарасында.

      "№ 950 Қызыл кесік сайлау учаскесі"

      Орталығы: Қызыл кесік ауылы, Мәдениет үйі, Үйрек Ана көшесі №2.

      Қызыл кесік, Егіндібұлақ және Шетбоғас ауылдары шекарасында.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Тарбағатай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялануға жолдануын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Д.Жанатқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Смаилов

      Келісілді:

      Тарбағатай аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      Ғ. Закариянов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады