Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округі әкімінің 27.07.2021 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 29 қазандағы № 278 ұсынысы негізінде, Ойшілік ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылдық округінің "Ақжал" елді мекеніне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ойшілік ауылдық округінің әкімі | Е. Куттыбаев |