Асубұлақ кенті бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 8161 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Асубұлақ кенті бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш. Захарьянов
      Ұлан аудандық мәслихат хатшысы Н. Сыдыков

  Ұлан аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 424 шешіміне қосымша

Асубұлақ кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар

      Асубұлақ кенті бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайлымдардың жалпы алаңына жүктеменің рұқсат етілген шекті нормасын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ұйымдастыру үшін:

      - жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бөлінісінде Асубұлақ кенті аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (1-қосымша);

      - жайылым айналымдарының қолайлы схемалары (2-қосымша);

      - жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта (3-қосымша);

      - жайылым пайдаланушыларының су көздеріне қол жеткізу схемасы (4-қосымша);

      - жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы (5-қосымша);

      - жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы (6-қосымша);

      - ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте (7-қосымша) жасалды.

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық тексерудің жай-күйі туралы мәліметтерді, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтерді, ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректерді, олардың иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсетумен, малдардың түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректерді, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының басын қалыптастыру туралы мәліметтерді, мәдени және аридті жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктерін, мал айдауға арналған сервитуттар туралы мәліметтерді және мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректерді ескере отырып қабылданды.

      Асубұлақ кенті Ұлан ауданының оңтүстік-шығыс бөлігінде таулы-дала, құрғақ дала аймағында орналасқан. Таулы-дала аймағы таулы шалғынды-дала, тау алды далалық орташа ылғалды және далалық орташа құрғақ кіші аймақтарға бөлінеді. Климаты орташа-құрғақ, орташа ыстық, жылдық орташа жауын-шашыны 360-390 мм. Ауа температурасы ең төменгі - 45, ең жоғарғы +40. Жылдық орташа температурасы +10. Салыстырмалы ылғалдылығы 68 %. Оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағыттағы желдер басым, орташа жылдық жылдамдығы 2,7 м/сек.

      Топырағы қара-қоңыр, оңтүстік таулы қара топырақ, кәдімгі қара топырақ, оңтүстік қара топырақ, сілтісізделген және кәдімгі таулы қара топырақ.

      Өсімдік жамылғысы: бетегелі-селеулі-жусанды, бетегелі-селеулі-түрлі шөпті, түрлі шөпті-астық тұқымдастар, жұмсақ сабақты және бұталы-шыңды-астық тұқымдастар.

      Тұрақты қар жамылғысы қараша айының ортасында орнайды, сәуір айының бірінші онкүндігінде кетеді. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 130-150 күн.

      Гидрографиясы Ертіс өзенінің бассейні болып табылады. Ең ірі өзендер: Тайынты және көптеген басқа өзендер мен бұлақтар.

      Асубұлақ кенті аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 52,5 км жерде орналасқан.

      Асубұлақ кенті 6181,2 гектар алаңды алып жатыр, оның ішінде: егістік – 105,2 гектар, жайылым – 5363 гектар, шабындық – 60 гектар.

      2020 жылдың 1 қаңтарына Асубұлақ кентінде ауыл шаруашылығы малдарының саны: ірі қара мал 1465 бас, оның ішінде аналық мал 486 бас, ұсақ қара мал 1225 бас, жылқы 445 бас (№1 кесте).

  № 1 кесте

Ауылдық округі

халық

ш/қ және ЖШС

Барлығы:

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

барлығы

оның ішінде сауылатындар

барлығы

оның ішінде сауылатындар

барлығы

оның ішінде сауылатындар

 1

Асу- бұ лақ к.

1465

486

1225

445

0

0

0

0

1465

486

1225

445

      Округте ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарына ветеринарлық қызмет көрсету үшін 1 – ветеринарлық пункт, 1 – мал қорымы ұйымдастырылған.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Асубұлақ кенті бойынша елді мекендер шегінде 5363 гектар жайылым бар.

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 15-бабына сәйкес, Асубұлақ кенті жергілікті халықтың мұқтаждығы үшін ауыл шаруашылығы малдарының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің 5363 гектар бар жайылымдық алқаптарында қажеттілігі 1718 гектар құрайды (№ 2 кесте), оны малдарды қорада ұстау есебінен толықтыру жоспарлануда.

  № 2 кесте

Ауылдық округі

Жайылым алаңы, (га)

Сауын сиырлардың бар болуы (бас.)

Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас., (га)

Жайылымдардың қажеттілігі, (га)

Жетіспеушілігі, (га)

1

Асубұлақ к.

5363

486

7,5

3645

1718

      Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық малдарын жаю бойынша 13185 гектар көлемінде жайылымдық алқап қажеттілігі бар, ІҚМ басына түсетін жүктеме нормасы – 7,5 га/бас., ұсақ мал - 1,5 га/бас., жылқы - 9 га/бас (№ 3 кесте).

  № 3 кесте

Ауылдық округі

халық

Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас., (га)

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

1

Асубұлақ к.

979

1225

445

7,5

1,5

9

      кестенің жалғасы

Жайылымдардың қажеттілігі, (га)

Мал жаю үшін берілді

Жетіспеушілігі, (га)

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

Барлығы (га)

7342,5

1837,5

4005

13185

0

13185

      13185 гектар мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қалыптасқан қажеттілігін 05-079-037 есептік кварталының шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы малдарын жаю есебінен толықтыру қажет.

  Асубұлақ кентінде 2021-2022
жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 1-қосымша

Асубұлақ кенті аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.12.2021 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




      Шартты белгілер:


кенттің шекаралары

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатындағы жайылымдар

елді мекендер жерлері санатындағы жайылымдар

  Асубұлақ кентінде 2021-2022
жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға 2-қосымша

Жайылым айналымының қолайлы схемалары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.12.2021 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




      Шартты белгілер:


кенттің шекаралары

күзгі және қысқы уақытта пайдаланылатын жайылымдардың шекаралары

көктемгі және жазғы уақытта пайдаланылатын жайылымдардың шекаралары

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары

елді мекендер жерлері санатының жайылымдары

  Асубұлақ кентінде 2021-2022
жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға 3-қосымша

Жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары көрсетілген карта

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.12.2021 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




      Шартты белгілер:


ішкі және сыртқы шекаралардағы маусымдық жайылым учаскелері

елді мекендер жерлері санатындағы жайылымдар

суару

  Асубұлақ кентінде 2021-2022
жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 4-қосымша

Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.12.2021 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




      Шартты белгілер:


ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары

елді мекендер жерлері санатының жайылымдары

суару

жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қолжетімділігі

  Асубұлақ кентінде 2021-2022
жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 5-қосымша

Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін учаскелерге ауыстыру схемасы

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.12.2021 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




      Шартты белгілер:


ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары

елді мекендер жерлері санатының жайылымдары

суару

жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

  Асубұлақ кентінде 2021-2022
жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 6-қосымша

Жеке және заңды тұлғалардың шалғайдағы жайылымдарына ауыл шаруашылығы мал басын орналастыру схемасы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.12.2021 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




      Шартты белгілер:


ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатының жайылымдары

елді мекендер жерлері санатының жайылымдары

  Асубұлақ кентінде 2021-2022
жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 7-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте

Ауылдық округ

Малды жайылымға шығару мерзімі

Малдарды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі

Асубұлақ кенті

сәуір - мамыр

қыркүйек - қазан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады