Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Багратион ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 қыркүйекте № 7594 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Багратион ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Багратион ауылдық округі әкімінің 23.12.2020 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 16маусымдағы № 01-26/344 ұсынысына сәйкес, Багратион ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі-қара мал арасында құтыру ауруының пайда болуына байланысты, Привольное ауылының солтүстік-шығысында орналасқан "Синие горы" жайылымы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Багратион ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін Ұлан ауданының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Чурбанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады