Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Егінсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 қазанда № 7721 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Егінсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Егінсу ауылдық округі әкімінің 22.12.2020 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 14-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 01-26/465 ұсынысына сәйкес, Егінсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлан ауданы Егінсу ауылдық округі "Берік" шаруа қожалығының "Белбастау" жайлауындағы ірі қара малынан қарасан ауруы шығуына байланысты, ірі қара малдарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін Ұлан ауданының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы шешімді оның ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Б. Аскабылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады