Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 29.12.2020 № 57-781/VI шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 49 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 48-567/VI "2020-2022 жылдарға арналған Үржар ауданы Шолпан ауылдық округінің бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6565 нөмірімен тіркелген, 2020 жылдың 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2020 жылдың 6 ақпанында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі 1 тармақтың 1 абзацтағы мәтіні өзгеріссіз, орыс тілдегі мәтініне өзгеріс енгізілді.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Акпеков |
Үржар аудандық мәслихатының хатшысы | К. Карашев |