Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 03.09.2020 № 56/6-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 38/4-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5839 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ай сайынғы әлеуметтік көмек АИТВ-мен ауыратын азаматтарға, балаларға медициналық мекеме басшысы бекіткен тізімдер бойынша табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде көрсетіледі.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Біржолғы әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға негіздердің біреуі бойынша атаулы күндер мен мереке күндеріне ұсынылады:";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Халықаралық радиациялық апат құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-тағы апат салдарын, азаматтық немесе әскери мақсаттағы басқа да радиациялық апаттарды жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқан адамдарға – 33,400 АЕК (отыз үш бүтін мыңнан төрт жүз айлық есептік көрсеткіш);
1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-тағы апат салдарын жоюға қатысқандарға – 33,400 АЕК (отыз үш бүтін мыңнан төрт жүз айлық есептік көрсеткіш);
Чернобыль АЭС-тағы апат салдарын, азаматтық немесе әскери мақсаттағы басқа да радиациялық апаттарды жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 33,400 АЕК (отыз үш бүтін мыңнан төрт жүз айлық есептік көрсеткіш);
Чернобыль АЭС-тағы апат салдарынан, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар, ядролық қаруды сынау салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға және ата-анасының біреуі мүгедектігі радиациялық сәулеленумен генетикалық байланысты балаларға - 23,857 АЕК (жиырма үш бүтін мыңнан сегіз жүз елу жеті айлық есептік көрсеткіш);";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Жеңіс күні – 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 215,983 АЕК (екі жүз он бес бүтін мыңнан тоғыз жүз сексен үш айлық есептік көрсеткіш);
әскери міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының, немесе сол кезеңдерде қалаларда болып, қорғанысына қатысқан, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары есепке алынып, армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындалған адамдарға - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);
Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болған адамдарға – 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);
екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар мен басқа да антифашистік құралымдар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш);
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құралымдарының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолдары бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына ауыстырылған және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында еркінен айрылған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);
Ленинград қаласын қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен, "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, гетто және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);
Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының және басқа себептердің (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) нәтижесінде мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш);
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 4,294 АЕК (төрт бүтін мыңнан екі жүз тоқсан төрт айлық есептік көрсеткіш);
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға - 15,299 АЕК (он бес бүтін мыңнан екі жүз тоқсан тоғыз айлық есептік көрсеткіш);
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр:
саяси қуғын – сүргіннен зардап шеккен адамдарға – 4,294 АЕК (төрт бүтін мыңнан екі жүз тоқсан төрт айлық есептік көрсеткіш);";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының Конституция күні - 30 тамыз:
16 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға - 4,771 АЕК (төрт бүтін мыңнан жеті жүз жетпіс бір айлық есептік көрсеткіш);";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 13-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Андронова |
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | А. Боровикова |