Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 30.09.2020 № 38-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4643 тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда "Орал өңірі" газетінде жарияланған), келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдер":
келесі мазмұндағы реттік нөмір 19 – жолмен толықтырылсын:
"
19 | Эпилепсия | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Вигабатрин, қабығымен қапталған таблетка |
".
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Потиченко |
Мәслихат хатшысы | М. Құлшар |