Орал қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 48 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-12 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 наурызда № 6093 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Орал қаласының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      Деркөл кенті әкімшілік орталығы болып, құрамына Ливкино, Кардон, Маштаково, Ветелки, Кумыска, Өскен ауылы, Новостройка-Кумыска елді мекендерін қоса отырып, Орал қаласының Деркөл кенті құрылсын.

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев
      Сессия төрағасы С. Потиченко
      Мәслихат хатшысы М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады