Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің Қарасай елді мекенін және Саралжын ауылдық округінің Бескөл елді мекенін тарату туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 45 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-15 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 6096 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.12.2020 № 290 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 09.12.2020 № 40-7 бірлескен қаулысы мен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы №69 және Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы №25-7 "Бөкей ордасы ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы" бірлескен қаулысы және шешімі негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің Қарасай елді мекенін және Саралжын ауылдық округінің Бескөл елді мекені таратылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.12.2020 № 290 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 09.12.2020 № 40-7 бірлескен қаулысы мен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев
      Сессия төрағасы С. Потиченко
      Мәслихат хатшысы М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады