Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 47 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-10 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 6098 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендері:

      Бәйтерек ауданы бойынша:

      Макаров ауылдық округінің Факел ауылы – Жалын ауылы;

      Переметный ауылдық округінің Озерный ауылы – Болашақ ауылы;

      Егіндібұлақ ауылдық округінің Чесноков ауылы – Алмалы ауылы;

      Көшім ауылдық округінің Владимировка ауылы – Ақсу ауылы;

      Раздольный ауылдық округінің Красный Свет ауылы – Ақбидай ауылы;

      Бөрлі ауданы бойынша:

      Александров ауылдық округі – Достық ауылдық округі;

      Александров ауылдық округінің Александров ауылы – Достық ауылы;

      Қарақұдық ауылдық округінің Тихонов ауылы – Қарақұдық ауылы;

      Қарағанды ауылдық округінің Киров ауылы – Қарағанды ауылы;

      Теректі ауданы бойынша:

      Ақжайық ауылдық округінің Подхоз ауылы – Ыждағат ауылы;

      Федоровка ауылдық округінің Донецк ауылы – Тақсай ауылы;

      Шаған ауылдық округінің Социализм ауылы – Кемер ауылы;

      Шаған ауылдық округінің Жаңа Өмір ауылының орыс тіліндегі "Новая Жизнь" атауы – "Жана Омир" ауылы деп қайта аталсын.

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев
      Сессия төрағасы С. Потиченко
      Мәслихат хатшысы М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады