Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 75 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 сәуірде № 6178 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.Каюпов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Қонысбаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 20 сәуірі № 75
қаулысына қосымша

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 "Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4031 тіркелген, 2015 жылы 29 қыркүйекте "Орал өңірі" газетінде жарияланған).

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 230 "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4054 тіркелген, 2015 жылы 9 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 254 "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4076 тіркелген, 2015 жылы 20 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 101 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 254 "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4377 тіркелген, 2016 жылы 18 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 154 "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4454 тіркелген, 2016 жылы 20 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 146 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 "Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4455 тіркелген, 2016 жылы 23 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 56 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 254 "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4761 тіркелген, 2017 жылы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 181 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 230 "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4862 тіркелген, 2017 жылы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 305 "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5006 тіркелген, 2018 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 30 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 254 "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5086 тіркелген, 2018 жылы 26 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 139 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 254 "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5259 тіркелген, 2018 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      12. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 179 "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5755 тіркелген, 2019 жылы 15 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      13. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 207 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 "Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5766 тіркелген, 2019 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      14. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 239 "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5800 тіркелген, 2019 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      15. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 277 "Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5851 тіркелген, 2019 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады