Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 76 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 сәуірде № 6179 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Дуйсенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Т.Егізбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев

  2020 жылғы 20 сәуірі № 76
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2020 жылғы
"___" __________ № қаулысына
қосымша

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 162 "Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3988 тіркелген, 2015 жылы қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 54 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 162 "Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4739 тіркелген, 2017 жылы 31 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 252 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 162 "Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5811 тіркелген, 2019 жылы 14 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады