Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 126 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 маусымда № 6268 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Бекетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Н. Манкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев

  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 1 маусымдағы № 126
қаулысына қосымша

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 193 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4014 тіркелген, 2015 жылы 26 қыркүйекте "Орал өңірі" газетінде жарияланған).

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 205 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4047 тіркелген, 2015 жылы 13 қазанда "Орал өңірі" газетінде жарияланған).

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 225 "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4073 тіркелген, 2015 жылы 20 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 58 "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4312 тіркелген, 2016 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 73 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 225 "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4343 тіркелген, 2016 жылы 3 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 103 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 205 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4365 тіркелген, 2016 жылы 27 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 121 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 193 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4431 тіркелген, 2016 жылы 9 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      8. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 271 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 205 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4566 тіркелген, 2016 жылы 17 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      9. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 289 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 193 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4591 тіркелген, 2016 жылы 8 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      10. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 363 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 205 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4671 тіркелген, 2017 жылы 3 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 189 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 193 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4871 тіркелген, 2017 жылы 3 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      12. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 219 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 205 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4907 тіркелген, 2017 жылы 19 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      13. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 274 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 193 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4959 тіркелген, 2017 жылы 30 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      14. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 46 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 225 "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5097 тіркелген, 2018 жылы 30 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      15. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 109 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 58 "Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5651 тіркелген, 2019 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      16. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 126 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 225 "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5678 тіркелген, 2019 жылы 17 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады