Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 11.03.2021 № 40 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20209 болып тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н. Манкеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 127 қаулысына қосымша |
2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.12.2020 № 314 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Облыс атауы | Барлығы ақшалай қаражат қажет, мың теңге | Субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері, мың теңге | ||||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | 1-ші көбейтілген тұқымдар | бірінші ұрпақ будандары | Элиталық көшеттер | ||
Батыс Қазақстан облысы | 175 991,0 | - | 10 587,8 | 72 121,7 | 93 281,5 | - |