Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.А.Мыңбаева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Р.Егізбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімі | Г. Искалиев |
2020 жылғы 28 тамыздағы № 199 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшері
1 – тарау. Жалпы ережелер
1. Батыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 25-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атақ Батыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдарының педагогтеріне (бұдан әрі – педагог) меншік нысанына және ведомствоға бағыныстылығына қарамастан, кемінде 15 (он бес) жыл педагогикалық өтілі, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар, адал еңбегі және өзінің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін беріледі.
3. Педагогтердің кәсіби қызметтегі жетістіктері мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) авторлық (серіктес) жұмыстың болуы, облыстық немесе республикалық сараптамалық кеңестерде мақұлдау алған оқу-әдістемелік кешендерді, оқулықтар мен әдістемелік-дидактикалық материалдарды әзірлеу;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес, жалпы білім беретін пәндер бойынша күндізгі республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар байқауларының, кәсіби шеберлік байқауларының, "WorldSkills" кәсіби шеберлік біріншілігінің және спорттық жарыстардың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін әзірлеу;
3) күндізгі кәсіптік байқаулардың, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері немесе халықаралық деңгейдегі кәсіби іс-шаралардың қатысушылары;
4) педагогикалық тәжірибесін республикалық немесе халықаралық деңгейдегі педагогикалық тәжірибесінің болуы.
4. Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін педагогқа осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес жергілікті ерекшелік белгісі – "Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісі (бұдан әрі – төсбелгісі) беріледі. Төсбелгісімен бірге осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімі немесе Батыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы тұлға қол қойған тиісті куәлік беріледі.
2 – тарау. Төсбелгі мен құрметті атақты беру тәртібі
5. Төсбелгі мен құрметті атақты беру туралы ұсынысты "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және ведомствоға бағынышты білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) басшыларымен "Мұғалімдер күні" кәсіби мерекені тойлағанға дейін, 2 айдан кешіктірмей жібереді. Педагогтерге төсбелгі мен құрметті атақ беру туралы ұсыныстар осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша ресімделеді. Басқармасының әкімшілік бөлімі педагогтерге төсбелгі және құрметті атақты беру туралы келіп түскен ұсыныстарды комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізеді.
6. Ұсынымға педагогтің соңғы 3 (үш) жылдағы жеке кәсіби жетістіктері мен білім алушылардың (тәрбиеленушілердің, студенттердің) жетістіктерін растайтын құжаттар мен материалдар кіреді (портфолио түрінде).
7. Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен төсбелгі мен құрметті атақ беру туралы ұсыныстарды қарастыру үшін Комиссия құрылады.
8. Комиссия құрамына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті және атқарушы органдардың өкілдері, облыстық қоғамдық кеңестің, сондай-ақ педагогика, психология және әдістеме саласының ғылым қайраткерлері, "Үздік педагог" республикалық конкурстарының жеңімпаздары, ардагер ұстаздар, жаңашыл педагогтер, әдіскерлер және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіреді.
9. Төсбелгі мен құрметті атақты беру туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру қорытындысы бойынша қабылдайды және хаттама толтырады, жылына бір рет "Мұғалімдер күні" кәсіби мерекеге орай жүзеге асырылады.
Педагогқа төсбелгі мен құрметті атақ беру туралы шешім ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Педагогтерге төсбелгі мен құрметті атақ, сондай-ақ куәліктерді табыстау салтанатты түрде Батыс Қазақстан облысының әкімімен немесе оның орынбасарларымен жүргізіледі.
10. Төсбелгі және құрметті атақ 1 (бір) үміткерге беріледі.
3 – тарау. Біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшері
11. Төсбелгісіне және құрметті атағына ие болған педагог республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын кемінде айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде біржолғы сыйақы алады.
4 – тарау. Қорытынды ережелер
12. Төсбелгісін қайтадан беруге жол берілмейді.
13. Жоғалған, бүлінген жағдайда, төсбелгісінің телнұсқалары және оның құжаттары адамның өтініші және жеке куәлігінің көшірмелері бойынша берілуі мүмкін.
14. Төсбелгісін беруге 5 (бес) жыл ішінде материалдық көтермелеу алған "Үздік педагог" республикалық конкурсының жеңімпаз–педагогтерінің кандидатуралары қарауға жіберілмейді.
Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшеріне 1-қосымша |
"Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісінің сипаттамасы
Төсбелгі көлемі 25х15 миллиметр көгілдір муар лентамен көмкерілген планкаға сақинамен бекітілген, диаметрі 30 миллиметр және қалыңдығы 2 миллиметр шеңберді құрайды.
Төсбелгінің ортасында педагогтың таланты мен даналығын, білімі мен мәдениетін білдіретін ашық кітап бейнеленген.
Кітаптың жоғарғы жағында дән түріндегі сәулелерімен күн бейнеленген. Күн-жарық пен өмірдің негізгі көзі, ал сәулелер-амандықтың белгісі.
Бет жағында солдан оңға қарай шеңбердің бойымен "Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" деген жазу орналасқан.
Төсбелгінің сырт жағында реттік нөмірі бейнеленген. Төсбелгі алтын түстес металлдан дайындалады. Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіштің көмегімен бекітіледі.
Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшеріне 2-қосымша |
"Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісіне қоса берілетін куәлік
Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне жергілікті ерекшелік белгісі мен құрметті атағын беру қағидалары, олардың сипаттамасы мен біржолғы сыйақы төлеу мөлшеріне 3-қосымша |
Нысан
Төсбелгі және құрметті атақ беруге ұсыныс
1. | Тегі, аты-жөні (болған жағдайда) | |
2. | Туған күні, айы, жылы | |
3. | Ұлты | |
4. | Мекенжайы | |
5. | Жұмыс орны | |
6. | Лауазым | |
7. | Педагогикалық өтілі | |
8. | Осы мекемедегі жұмыс өтілі | |
9. | Білімі (бітірген оқу орны, факультеті, бітірген жылы) | |
10. | Біліктілік санаты | |
11. | Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | |
12. | Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, жеке сәйкестендіру нөмірі) | |
13. | Байланыс телефоны (үй, ұялы) | |
14. | Марапаттар, көтермелеу | |
15. | Марапаттауға ұсынылатын үміткердің жеке кәсіби жетістіктері және білім алушыларының (тәрбиеленушілерінің, студенттерінің) жетістіктері соңғы 3 жылдағы құжаттар мен материалдар | |
16. | Өзге де мәліметтер | |
17. | Кандидатура жұмыс орны бойынша ұсынылды (№ _ хаттама "__" _________20__ жыл) | |
18. | Марапатқа ұсынылады |
Қосымша: құжаттар _____ парақ.
Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда)
Білім беру ұйымы басшысының қолы _______________
Күні "____" ____________ 20___ жыл
М.О.