Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өңірлік комиссиясының шешімімен ұсынылған жолдамамен медициналық көрсеткіштері бойынша жолданған Батыс Қазақстан облысының азаматтарына, сондай-ақ дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысы болғанда науқасты алып жүруші тұлғаға (бір адамнан артық емес) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікті жол жүру ұсынылсын.
Науқастың және оны алып жүруші тұлғаның (бір адамнан артық емес) медициналық көмек алуы жағдайында автомобиль, теміржол көлігімен жол жүру құнының төлемі жүргізілсін (екі бағытқа да).
2. ДКК қорытындысы бойынша тіршілік әрекеті шектеулі көрсетілімдері болған кезде медициналық көрсеткіштері бойынша емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге әуе көлігімен жолдануы жағдайында науқастың және оны алып жүруші тұлғаның (бір адамнан артық емес) жол жүру құнының төлемі толық көлемінде жүргізілсін (екі бағытқа да).
3. Әуе көлігіне ДКК - нің қорытындысында рұқсат болмаған жағдайда, медициналық көрсеткіштері бойынша емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге жолданған науқасқа және науқасты алып жүруші тұлғаға (бір адамнан артық емес) теміржол көлігі жүрдек пойызының купелі вагоны билетінің орташа құнынан артық емес көлемінде төлем жүргізілсін (екі бағытқа да).
4. "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі науқастардың емделуге және оларды алып жүруші тұлғаға жол жүру құнының төлемін жүргізсін (келісім бойынша).
5. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | М. Құлшар |
Мәслихат хатшысы | М. Құлшар |