Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 40-11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 желтоқсанда № 6597 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 15-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 24.10.2024 № 15-4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін.

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы М. Құлшар
      Мәслихат хатшысы М. Құлшар

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2020 жылғы 23 желтоқсан
№ 40-11 шешіміне қосымша

Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидалары

1. Жалпы ереже

      1. Осы Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) медицина қызметкерлері - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

      2) фармацевтика қызметкерлері - фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

      3) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.

2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      3. Жұмыс берушiмен жеке еңбек шарты жасалған күннен бастап алғашқы үш жыл iшiнде еңбек мiндеттерiн орындап жүрген медицина және фармацевтика қызметкері әлеуметтiк қолдау алу құқығына ие болады.

      4. Медицина және фармацевтика қызметкері әлеуметтiк қолдау алу үшін денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы – "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:

      1) жеке куәлігінің көшірмесін;

      2) білім туралы дипломының көшірмесін (нотариалдық куәландырылған);

      3) еңбек кітапшасының көшірмесін (болған жағдайда);

      4) мемлекеттік медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін;

      5) мемлекеттік медицина ұйымымен жасақталған еңбек шарты;

      6) 3х4 фото сурет (2 дана) ұсынады.

      5. Әлеуметтік қолдау Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерлері мен кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлері үшін біржолғы өтемақыдан тұрады:

      Орал қаласының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарға 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде;

      Бәйтерек, Теректі және Тасқала аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге көлемінде;

      Ақжайық, Жаңақала, Казталов, Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға 5 000 000 (бес миллион) теңге көлемінде;

      Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға 8 000 000 (сегіз миллион) теңге көлемінде.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 16.02.2024 № 10-15 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Бір реттік төлемақы медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шарты жасалғаннан кейін оның өтінішінің негізінде екінші деңгейлі банкте ашылған есептік шотына аудару арқылы төленеді. Медицина және фармацевтика қызметкеріне бір реттік төлемақыны төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 31.05.2023 № 3-5 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Басқарма денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:

      1) жыл сайын ауылдық жерге қажетті медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша сұранысқа талдау жүргізеді;

      2) медицина және фармацевтика қызметкерінен өтiнiш және олардың бiлiктiлiгiн, оған қоса жұмыс орны бойынша тұрғын үйге деген мұқтаждығын растайтын құжаттарын қабылдайды;

      3) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж медицина және фармацевтика қызметкерлердiң тiзiмiн жасайды;

      4) ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкеріне әлеуметтiк қолдау көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.

      8. Басқарманың жолдамасы бойынша жұмыс берушi Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес медицина және фармацевтика қызметкермен еңбек шартына отырады.

      9. Медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушi бұл туралы 10 жұмыс күнінен кешiктiрмей басқармаға хабарлауы қажет.

      10. Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде алдында төленген ақша қаражаттарын қайтару еңбек шартында қаралады.

Об утверждении Правил определения порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселок, города районного и областного значения Западно-Казахстанской области за счет бюджетных средств

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 23 декабря 2020 года № 40-11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 24 декабря 2020 года № 6597. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 24 октября 2024 года № 15-4

      Сноска. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 24.10.2024 № 15-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", с Трудовым кодексом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселок, города районного и областного значения Западно-Казахстанской области за счет бюджетных средств.

      2. Руководителю аппарата областного маслихата (Е.Калиев) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата М. Құлшар
      Секретарь маслихата М. Құлшар

  Приложение
к решению Западно-Казахстанского
областного маслихата
от 23 декабря 2020 года № 40-11

Правила определения порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселок, города районного и областного значения Западно-Казахстанской области за счет бюджетных средств

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселок, города районного и областного значения Западно-Казахстанской области за счет бюджетных средств (далее – Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", с Трудовым кодексом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяют порядок и размер оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселок, города районного и областного значения Западно-Казахстанской области за счет бюджетных средств

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) медицинские работники - физические лица, имеющие профессиональное медицинское образование и осуществляющие медицинскую деятельность;

      2) фармацевтические работники - физические лица, имеющие фармацевтическое образование и осуществляющие фармацевтическую деятельность;

      3) работодатель – физическое или юридическое лицо, с которым работник состоит в трудовых отношениях.

2. Порядок и размер оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам

      3. Правом на получение социальной поддержки обладает медицинский и фармацевтический работник, выполняющий трудовые обязанности первые три года со дня заключения трудового договора с работодателем.

      4. Медицинский и фармацевтический работник для получения социальной поддержки предоставляет в местный исполнительный орган в области здравоохранения – государственное учреждение "Управление здравоохранения Западно-Казахстанской области" (далее – Управление) следующие документы:

      1) копию удостоверения личности;

      2) копию диплома об образовании (нотариально заверенная);

      3) копию трудовой книжки (при наличии);

      4) копию приказа о принятии на работу в государственную медицинскую организацию;

      5) трудовой договор с государственной медицинской организацией;

      6) фото 3х4 (2 штуки).

      5. Социальная поддержка состоит из единовременной компенсации для медицинских и фармацевтических работников, направляемых на работу в сельскую местность и поселки, города районного и областного значения Западно-Казахстанской области:

      в медицинские организации расположенные на территории города Уральск в размере 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге;

      в медицинские организации расположенные на территории района Бәйтерек, Теректинского и Таскалинского районов в размере 2 500 000 (два миллиона пятьсот тысяч) тенге;

      в медицинские организации расположенные на территории Акжаикского, Жангалинского, Казталовского, Бурлинского, Чингирлауского, Сырымского и Каратобинского районов в размере 5 000 000 (пять миллионов) тенге;

      в медицинские организации расположенные на территории Жанибекского и Бокейординского районов в размере 8 000 000 (восемь миллионов) тенге.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции решения Западно-Казахстанского областного маслихата от 16.02.2024 № 10-15 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Единовременная выплата выплачивается после заключения трудового договора с медицинским и фармацевтическим работником путем перечисления на его лицевой счет, открытый в банке второго уровня на основании его заявления. Единовременная выплата медицинскому и фармацевтическому работнику осуществляется за счет средств областного бюджета.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения Западно-Казахстанского областного маслихата от 31.05.2023 № 3-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Управление в целях кадрового обеспечения организаций здравоохранения:

      1) ежегодно проводит анализ спроса на медицинские и фармацевтические кадры по отдельным специальностям для сельской местности;

      2) принимает заявление от медицинских и фармацевтических работников и документы, подтверждающие их квалификацию, а также нуждаемость в жилье по месту работы;

      3) составляет список медицинских и фармацевтических работников, нуждающихся в социальной поддержке;

      4) проводит разъяснительную работу по вопросам оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направляемым для работы в сельскую местность.

      8. По направлению Управления работодатель заключает трудовой договор с медицинским и фармацевтическим работником в соответствии с требованиями Трудового кодекса Республики Казахстан.

      9. В случае расторжения трудового договора с медицинским и фармацевтическим работником работодатель обязан известить уполномоченный орган не позднее 10 рабочих дней.

      10. Возврат ранее выплаченных денежных средств при досрочном расторжении трудовых отношений предусматриваются трудовым договором.