Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 24.10.2024 № 15-4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін.
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | М. Құлшар |
Мәслихат хатшысы | М. Құлшар |
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсан № 40-11 шешіміне қосымша |
Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидалары
1. Жалпы ереже
1. Осы Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) медицина қызметкерлері - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
2) фармацевтика қызметкерлері - фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
3) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.
2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
3. Жұмыс берушiмен жеке еңбек шарты жасалған күннен бастап алғашқы үш жыл iшiнде еңбек мiндеттерiн орындап жүрген медицина және фармацевтика қызметкері әлеуметтiк қолдау алу құқығына ие болады.
4. Медицина және фармацевтика қызметкері әлеуметтiк қолдау алу үшін денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы – "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:
1) жеке куәлігінің көшірмесін;
2) білім туралы дипломының көшірмесін (нотариалдық куәландырылған);
3) еңбек кітапшасының көшірмесін (болған жағдайда);
4) мемлекеттік медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін;
5) мемлекеттік медицина ұйымымен жасақталған еңбек шарты;
6) 3х4 фото сурет (2 дана) ұсынады.
5. Әлеуметтік қолдау Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерлері мен кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлері үшін біржолғы өтемақыдан тұрады:
Орал қаласының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарға 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде;
Бәйтерек, Теректі және Тасқала аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге көлемінде;
Ақжайық, Жаңақала, Казталов, Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға 5 000 000 (бес миллион) теңге көлемінде;
Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға 8 000 000 (сегіз миллион) теңге көлемінде.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 16.02.2024 № 10-15 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Бір реттік төлемақы медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шарты жасалғаннан кейін оның өтінішінің негізінде екінші деңгейлі банкте ашылған есептік шотына аудару арқылы төленеді. Медицина және фармацевтика қызметкеріне бір реттік төлемақыны төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 31.05.2023 № 3-5 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Басқарма денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:
1) жыл сайын ауылдық жерге қажетті медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша сұранысқа талдау жүргізеді;
2) медицина және фармацевтика қызметкерінен өтiнiш және олардың бiлiктiлiгiн, оған қоса жұмыс орны бойынша тұрғын үйге деген мұқтаждығын растайтын құжаттарын қабылдайды;
3) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж медицина және фармацевтика қызметкерлердiң тiзiмiн жасайды;
4) ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкеріне әлеуметтiк қолдау көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.
8. Басқарманың жолдамасы бойынша жұмыс берушi Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес медицина және фармацевтика қызметкермен еңбек шартына отырады.
9. Медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушi бұл туралы 10 жұмыс күнінен кешiктiрмей басқармаға хабарлауы қажет.
10. Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде алдында төленген ақша қаражаттарын қайтару еңбек шартында қаралады.