Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы" 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 40-11 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 ақпандағы № 10-15 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 ақпанда № 7329-07 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 15-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 24.10.2024 № 15-4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы" 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 40-11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6597 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 5 - тармақшасы төмендегідей редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік қолдау Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерлері мен кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлері үшін біржолғы өтемақыдан тұрады:

      Орал қаласының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарға 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде;

      Бәйтерек, Теректі және Тасқала аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге көлемінде;

      Ақжайық, Жаңақала, Казталов, Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға 5 000 000 (бес миллион) теңге көлемінде;

      Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға 8 000 000 (сегіз миллион) теңге көлемінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Мукаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады