Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 40-11 "Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 маусымда № 7182-07 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 15-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 24.10.2024 № 15-4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 40-11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6597 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 5 және 6-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне:

      Орал қаласының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарға жіберілгендерге - 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде;

      Бәйтерек, Теректі және Тасқала аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға жіберілгендерге - 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде;

      Ақжайық, Жаңақала, Казталов, Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға жіберілгендерге - 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге көлемінде;

      Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға жіберілгендерге - 5 000 000 (бес миллион) теңге көлемінде бір реттік төлемақыдан тұрады.";

      "6. Бір реттік төлемақы медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шарты жасалғаннан кейін оның өтінішінің негізінде екінші деңгейлі банкте ашылған есептік шотына аудару арқылы төленеді. Медицина және фармацевтика қызметкеріне бір реттік төлемақыны төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Мукаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады