Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 07.12.2021 № 10-19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3914 тіркелген) сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы (М.Тойекешов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Нысанбаева |
Ақжайық аудандық мәслихат хатшысы | С. Сиражев |
Ақжайық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 46-2 шешіміне қосымша |
Ақжайық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті | Есептік бірлік | Жылдық норма, 1 есептік бірлікке куб метр |
1. | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,50 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және тағы сол сияқтылар | 1 орын | 0,46 |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,65 |
4. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,28 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,52 |
6. | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0013 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,30 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,19 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,23 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,13 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,014 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,07 |
13. | Спорттық, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіп тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,19 |
15. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,13 |
16. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,14 |
17. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1,85 |
18. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,43 |
19. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,30 |
20. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,26 |
21. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,78 |
Аббревиатураның толық жазылуы:
м2 - шаршы метр.