Ақжайық аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы №9-7 "Ақжайық аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қазандағы № 53-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 қазанда № 6413 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы №9-7 "Ақжайық аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4735 тіркелген, 2017 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Ақжайық аудандық мәслихат аппараты басшысы (А.Умбеталиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Дошанова
      Ақжайық аудандық мәслихат хатшысы С. Сиражев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады