Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 76 "Ақжайық ауданының аумағында бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тарту орындарын айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5641 тіркелген, 2019 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы (Р. Рахметуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Габдушевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақжайық ауданының әкімі | К. Айтмухамбетов |