Бөрлі ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 қазандағы № 54-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 қазанда № 6430 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөрлі ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      төраға К. Ермекбаев
      Мәслихат хатшысы А. Куликешев

  Бөрлі аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 13 қазандағы
№ 54-5 шешіміне қосымша

Бөрлі ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      1. Бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) Бөрлі ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі – мамандар) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті орган – "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжатты қоса бере отырып, мемлекеттік ұйымның бірінші басшысы бекіткен тізім негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдауды төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес (карточкалық) шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.

      5. Отбасында екі және одан да көп маман тұрған жағдайда әлеуметтік қолдау осы адамдардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.

      6. Әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады