Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округі Бөрлі ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 ақпанда № 6062 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Бөрлі ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Бөрлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округі Бөрлі ауылының кейбір көшелері:

      "Уральская" көшесі - "Орал" көшесі;

      "Джамбульская" көшесі - "Жамбыл Жабаев" көшесі;

      "Амангельдинская" көшесі - "Амангелді Иманов" көшесі;

      "8 марта" көшесі - "8 наурыз" көшесі;

      "Анкаты разъезді" көшесі - "Теміржол" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Бөрлі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (М.Салимгереева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бөрлі ауылдық округінің әкімі Б. Макеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады