2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 58 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 маусымда № 6271 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 мамырдағы "2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" №98 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5231 тіркелген, 2018 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Жұмалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары А.Еслямғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақала ауданының әкімі Н. Карагойшин

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 4 маусымдағы № 58
қаулысына қосымша

2020 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік- аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар ата – ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)

3 жасқа дейін

3 жастан 6 жасқа дейін

Бөбекжай-бақша (жергілікті бюджет)

Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы

"Жаңақала ауылдық округінің "Жаңақала аудандық балалар бөбекжайы" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

176

28 744

9 450

10 500

Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы

"Жаңақала ауылдық округінің "Жауқазын" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

140

31 346

9 450

10 500

Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы

"Жаңақала ауылдық округінің "Балбөбек" бөбекжайы" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

100

33 032

7 350

8 400

Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Жеткіншек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

37 772

6 300

7 350

Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылы

"Жаңақазан ауылдық округінің "Айгөлек" бөбекжайы" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

70

38 439

6 300

7 350

Жаңақала ауданы, Маштексай ауылы

"Мастексай ауылдық округінің "Алтын сақа" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

48

39 215

6 300

7 350

Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылы

"Көпжасар ауылдық округінің "Көпжасар" бөбекжайы" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

84

28 823

6 300

7 350

Мектеп-балабақша (жергілікті бюджет)

Жаңақала ауданы, Қырқопа ауылы

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Карманов жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

24

21 368

7 350

-

Шағын орталық (жергілікті бюджет)

Жаңақалаауданы, Жаңажол ауылы

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Айдархан жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

19 413

6 300

-

Жаңақала ауданы, Кызылоба ауылы

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

24 213

-

6 300

Жаңақала ауданы, Пятимар ауылы

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Пятимар жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

29 820

-

6 300

Жаңақала ауданы, Борық ауылы

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "Борық бастауыш білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

10

20 967

-

6 300

Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы

"Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің "№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

27

19 620

-

8 400


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады