Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі Новенький ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 мамырда № 6251 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Атамекен ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Атамекен ауылдық округі әкімінің 24.05.2023 № 10 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 1-28-242 ұсынысы негізінде, Железнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округінің Новенький ауылы аумағында мүйізді ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Железнов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Иманкулова) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Е. Сидагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады