Шектеу іс-шараларын тоқтату және Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 5 "Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі Новенький ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімін күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Атамекен ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 мамырда № 7172-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңыңың 27 бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2021 жылғы 8 маусымдағы №10-12-190 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Бәйтерек ауданы Атамекен ауылдық округі Қайнар ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі әкімінің "Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі Новенький ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 22 мамырдағы №5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6251 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атамекен ауылдық округінің әкімі Ф. Умбеткалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады