Бәйтерек ауданы Щапов ауылдық округі Щапов және Жаңатаң ауылдарының атаусыз көшелеріне атау беру және кейбір көшелеріне қайта атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Щапов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қаңтарда № 6006 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Щапов және Жаңатаң ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Щапов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Щапов ауылдық округі Щапов ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      "№1" көшесі – "Кең дала" көшесі;

      "№2" көшесі – "Жерұйық" көшесі;

      "№3" көшесі – "Бірлік" көшесі;

      "№4" көшесі – "Нарын" көшесі;

      "№5" көшесі – "Мәншүк Мәметова" көшесі;

      "№6" көшесі – "Әлия Молдағұлова" көшесі;

      "№9" көшесі – "күйші Дина" көшесі;

      "№10" көшесі – "Сәкен Сейфуллин" көшесі;

      "№11" көшесі – "Болашақ" көшесі;

      "№19" көшесі – "Береке" көшесі.

      2. Бәйтерек ауданы Щапов ауылдық округі Щапов ауылының кейбір көше атаулары:

      "Мир" көшесі – "Абылай хан" көшесі;

      "Школьная" көшесі – "Бауыржан Момышұлы" көшесі;

      "Ленин" көшесі – "Бәйтерек" көшесі;

      "Октябрьская" көшесі – "Жайық" көшесі;

      "Уральская" көшесі – "Орал" көшесі;

      "Фабричная" көшесі – "Достық" көшесі;

      "Советская" көшесі – "Сырым батыр" көшесі;

      "Набережная" көшесі – "Құрманғазы" көшесі;

      "Орбита" көшесі – "Байқоңыр" көшесі;

      "Заречная" көшесі – "Қызылжар" көшесі деп қайта аталсын.

      3. Бәйтерек ауданы Щапов ауылдық округі Жаңатаң ауылының кейбір көше атаулары:

      "Победа" көшесі – "Жеңіс" көшесі;

      "Алматинская" көшесі – "Алматы" көшесі;

      "Молодежная" көшесі – "Жастар" көшесі;

      "Новостроевская" көшесі – "Жаңа қоныс" көшесі;

      "Столбовая" көшесі – "Көктем" көшесі деп қайта аталсын.

      4. Щапов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Сураншиев А.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Б. Нурбаиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады