Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 98 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 тамызда № 6330 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 19 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 04.03.2021 № 19 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін белгіленсін:

      осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3 - қосымшасына сәйкес ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде.

      2. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 тамыздағы № 96 "Қаратөбе ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5771 тіркелген, 2019 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратөбе ауданының әкімі Ж. Асантаев

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 30 шілдедегі № 98
қаулысына 1-қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

261

2

5

2

"Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

68

2

1

3

"Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

49

2

1

4

"Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

21

2

1

5

Қаратөбе ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қаратөбе аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны"

37

2

1

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 30 шілдедегі № 98
қаулысына 2-қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

261

2

5

2

"Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

68

2

1

3

"Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

49

2

1

4

"Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

21

2

1

5

Қаратөбе ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қаратөбе аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны"

37

2

1

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 30 шілдедегі № 98
қаулысына 3-қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылға ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

23

1

1

2

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

48

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады