Қаратөбе ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 46-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 6369 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және оларды шекті толтырылу нормалары айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары айқындалсын.

      4. Осы шешімнің 4 - қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      5. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Классен
      Мәслихат хатшысы К. Суйеугалиев

  Қаратөбе аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
18 қыркүйектегі № 46-6
шешіміне 1-қосымша

Қаратөбе ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары

Елдi мекен

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толтырылу нормалары

1.

Қаратөбе ауылы

"Ғ.Құрманғалиев" алаңы - Ғ.Құрманғалиев көшесі (М.Нысанов және С.Датұлы көшелерінің қиылысынан бастап Мұхит және Ғ.Құрманғалиев көшелері бойымен)

70 адамнан аспайтын

2.

Қаратөбе ауылы

"Қ.Жұмалиев" атындағы орталық саябақ - Қ.Жұмалиев көшесі

70 адамнан аспайтын

3.

Жусандой ауылы

Орталық алаң - Жамбыл көшесі (Мұхит көшесі бойымен)

50 адамнан аспайтын

4.

Ақтай-сай ауылы

Орталық алаң - Қазақстан көшесі (Қазақстан көшесінен бастап Халықтар достығы көшесіне дейін)

50 адамнан аспайтын

5.

Қоскөл ауылы

Орталық алаң - Қаржауов көшесі (Мұхит және С.Сейфуллин көшелерінің қиылысынан Қаржауов көшесіне дейін)

50 адамнан аспайтын

6.

Егіндікөл ауылы

Орталық алаң - Ы.Алтынсарин көшесі (С.Сейфуллин көшесінен бастап Ы.Алтынсарин көшесіне дейін)

50 адамнан аспайтын

7.

Қоржын ауылы

Орталық алаң - Т.Шамғонов көшесі (Т.Шамғонов және Бейбітшілік көшелерінің қиылысына дейін)

50 адамнан аспайтын

8.

Қарақамыс ауылы

Орталық алаң - Мұхит көшесі (Мұхит көшесінен бастап Б.Қаратаев көшесіне дейін)

50 адамнан аспайтын

9.

Сулыкөл ауылы

Орталық алаң - Ж.Жабаев көшесі (Алтынғасыр және Абай көшелерінің қиылысына дейін)

50 адамнан аспайтын

  Қаратөбе аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
18 қыркүйектегі № 46-6
шешіміне 2-қосымша

Қаратөбе ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

      2. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      3. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

      5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда, жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша, бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.

  Қаратөбе аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
18 қыркүйектегі № 46-6
шешіміне 3-қосымша

Қаратөбе ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді:

      жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың;

      қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның;

      шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.

      3. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

  Қаратөбе аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
18 қыркүйектегі № 46-6
шешіміне 4-қосымша

Қаратөбе ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Қаратөбе ауданында келесі объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 100 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекаралары айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес жатқан аумақтар;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады