Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Тасқала ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшері автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай ұлғайтылсын.
2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын орналасқан Тасқала ауылы елді мекені болып айқындалсын.
3. Тасқала аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Т. Шатенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Бисенгалиева |
Мәслихат хатшысы | С. Рахимов |
Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 48-3 шешіміне қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерінің ұлғайтылуы
№ р/с | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Базалық салық мөлшерлемелерінің ұлғаютылуы |
1. | Автотұрақтардың (паркингтердің) ашық түрдегі | 1 санаты | он есе |
2. | Автотұрақтардың (паркингтердің) жабық түрдегі | 2 санаты | он есе |