Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 6355 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылым шекараларының сақталуы ескеріле отырып Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Тасқала ауданы әкімінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №33 "Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5419 тіркелген, 2018 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсiн.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тасқала ауданының әкімі А. Халелов

      КЕЛІСІЛДІ:
Тасқала аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________А. Нұрмақов
7 тамыз 2020 жыл

  Тасқала ауданы әкiмiнiң
2020 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 11 шешіміне қосымша

Тасқала ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 03.09.2024 № 23 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Сайлау учаскелері

Сайлау учаскелерінің шекаралары

Орналасқан жері

1

324

Ақтау ауылы, Қарой ауылы, Қызылбас, Кулаков, Ақкүшік қыстақтары

Ақтау ауылы, Т.Өмірзақов көшесі, 57, Тасқала ауданының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ақтау ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

2

325

Беленький ауылы

Беленький ауылы, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Беленький медициналық пунктінің ғимараты

3

327

Амангелді ауылы, Жигули қыстағы

Амангелді ауылы, Астана көшесі, 11, Тасқала ауданының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Амангелді ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

4

328

1-Шежін ауылы, Жармалай қыстағы

Бірінші Шежін ауылы, Скоробогатов көшесі, 35, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Бірінші Шежін бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

5

329

Тасқала ауылы: Қ.Сәтбаев, Керей хан, Жәнібек хан, С.Сейфуллин, Б.Момышұлы, Қ.Аманжолов, Д.Нұрпейісова, Құрманғазы, Н.Тілендиев, А.Пушкин, Атақоныс, Жібек жолы, Астана, Ақтілек, Көкпар, Сарыжайлау көшелері

Тасқала ауылы, Абай көшесі, 34, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

6

330

Тасқала ауылы: Қ.Рысқұлбеков, Абай, Әбілхайыр хан, Ә.Сабиров, С.Жақсығұлов, Т.Жароков, Х.Доспанова, Г.Жуков көшелері, Самал шағын ауданы, Көктем шағын ауданы

Тасқала ауылы, Абай көшесі, 22, Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

7

331

Тасқала ауылы: Деркөл өзенінің оң жағалауынан теміржолға дейін: М.Жұмағалиев, М.Мерәліұлы, Ә.Молдағұлова, Қ.Мұңайтпасов, Нұрсұңқар, А.Нечаева, М.Маметова, Игілік, С.Кенжин, Жағалау, Ақжол, Азаттық, Деркөл, Г.Панфилов, Сулысай, Сарыарқа, Полигон, Береке, Саябақ, Ынтымақ, Халықтар достығы (2-20 тұрғын үйлер), Құлагер көшелері

Тасқала ауылы, М.Маметова көшесі, 2, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

8

332

Тасқала ауылы: Деркөл өзенінің сол жағалауы: Ғ.Иржанов, А.Чурилин, Жамбыл, Т.Масин, Б.Төлегенова, Доспамбет жырау, Жеңіс, Б.Жасыбаев, Халықтар достығы (7-45, 22-54 тұрғын үйлер), Б.Саттарханов, Амангелді, Т.Шевченко, С.Ахметкалиев, МТФ, Қ.Омаров, Жерұйық, Ешкітау көшелері, Жігер ауылы

Тасқала ауылы, Жеңіс көшесі, 30, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Бөбек" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

9

333

Тасқала ауылы: М.Шамов, А.Скоробогатов, С.Сапаров, Ғ.Жангиров, Ғ.Құрманғалиев, Н.Мусин, А.Құсайынов, Шежін, Ш.Қалдаяқов, Айқын, Кеңөріс көшелері

Тасқала ауылы, Абай көшесі, 14, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Садық Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

10

334

Бірлік ауылы

Бірлік ауылы, Бірлік көшесі, 49, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Бірлік негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

11

335

Мереке ауылы, Қалмақ ауылы, Бубенец, Батырқұдық, Талдықұдық, Жайықбай, Қасым, Аққұс, Қауашай, Дөңбек, Карташов, Есенсай қыстақтары

Мереке ауылы, Абай көшесі, 2А, Тасқала ауданының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Мереке ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

12

336

Достық ауылы, Қарабура қыстағы

Достық ауылы, Бейбітшілік көшесі, 1, Тасқала ауданының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Достық ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

13

337

Бастау ауылы, 250 разъезд

Бастау ауылы, Бастау көшесі, 45, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Бастау бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

14

338

Ынтымақ ауылы, Өмірзақ қыстағы

Ынтымақ ауылы, Ынтымақ көшесі, 27, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Ынтымақ бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

15

339

Атамекен ауылы, Алмалы, Митрофан, Молочная, Өтеш қыстақтары

Атамекен ауылы, Иманов көшесі, 4, Тасқала ауданының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Атамекен ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

16

340

Қалмақшабын ауылы, Аяқ, Қалке, Үштілек, Көлік, Тазгүл, Егізқопа, Новостройка, Жетіқұдық, Волжанка, Қамыстыкөл, 1-Қисықсай, 2-Қисықсай, 3-Қисықсай қыстақтары

Қалмақшабын ауылы, "Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің Қалмақшабын ауылдық кітапхана ғимараты

17

341

Оян ауылы, Көкшат, Комсомольск, Қойшығұл, Машдвор, Ақүй, Аппаз, Жаңа аппаз, Жаңаауыл, Айкүміс, Баянас, Көкапан, Қызылағаш, Болашақ, Орысқопа қыстақтары

Оян ауылы, М.Маметова көшесі, 9, Тасқала ауданының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Оян ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

18

342

Кеңжайлау ауылы, Жетіқұдық, Ащы, Қарой қыстақтары

Кеңжайлау ауылы, "Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің Кенжайлау ауылдық кітапхана ғимараты

19

343

Мерей ауылы, Өркен ауылы, Аққайнар ауылы, Птичник, Бақалы, Свинарник, Нұр, Атамұра қыстақтары

Мерей ауылы, Тайманов көшесі, 5, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Мерей жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

20

344

Айнабұлақ ауылы, № 276 разъезд

Айнабұлақ ауылы, Бұлақты көшесі, 15, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Айнабұлақ негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

21

346

Тоғайлы ауылы, Широкий, Шорман, Даяр қыстақтары

Тоғайлы ауылы, Диқаншылар көшесі, Тасқала ауданының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Тоғайлы ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

22

347

Екінші Шежін ауылы, Талдыбұлақ ауылы, Еменжар ауылы, Бірлік, Ащы, Жармалай, Көсем-1, Көсем-2, Центральная, Майрамкөл, Сад, Жанаауыл, Тапқан қыстақтары

Екінші Шежін ауылы, Карменов көшесі 40, Тасқала ауданының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Шежін ауылдық мәдениет үйінің ғимараты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады