Тасқала ауданы бойынша 2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 296 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 6556 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 258 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 20.12.2021 № 258 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) сәйкес, Тасқала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.

      2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 116 "Тасқала ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6210 тіркелген, 2020 жылы 05 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Е.Турмагамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сонымен қатар Тасқала ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Шакировқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тасқала ауданының әкімі А. Халелов

  Тасқала ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 296 қаулысына қосымша

Тасқала ауданы бойынша 2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота саны, %

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

Тасқала ауданы әкімиятының (шаруашылық жүргізуге құқылы) "Таскала аудандық коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

63

2

1

2

Таскала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

3

3

3

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы "Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

55

2

1

4

Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді, дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени - демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

118

3

4

5

"Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

55

2

1

6

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы білім беретін Шежін орта "мектеп-бөбекжай-бақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

2

2

7

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

253

4

10

8

Тасқала аудандық білім бөлімінің "Садық Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

77

2

2


Барлығы

802


24


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады