Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округі Ақсуат, Пойма ауылдарының атаусыз көшелеріне атау беру және кейбір көшелеріне қайта атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 6013 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Ақсуат, Пойма ауылдарының халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық онамастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат, Пойма ауылдарының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Ақсуат ауылы бойынша:

      "№1" көшесі - "Достық" көшесі;

      2)Пойма ауылы бойынша:

      "Атаусыз" көшесі - "Белес" көшесі.

      2. Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат, Пойма ауылдарының кейбір көше атаулары:

      1) Ақсуат ауылы бойынша:

      "Фурманова" көшесі - "Тәуелсіздік" көшесі;

      "Набережная" көшесі - "Жағалау" көшесі;

      "Пришкольная" көшесі - "Болашақ" көшесі;

      "Нефтебазная" көшесі - "Шаңырақ" көшесі;

      "Степная" көшесі - "Кең дала" көшесі;

      "Трудовая" көшесі - "Қазақстан" көшесі;

      "50 лет КССР" көшесі - "Бірлік" көшесі;

      "Юбилейная" көшесі - "Бәйтерек" көшесі;

      "Чапаева" көшесі - "Атамекен" көшесі;

      "Колхозная" көшесі - "Мәңгілік" көшесі;

      "Торговая" көшесі - "Жастар" көшесі;

      "Мирная" көшесі - "Арман" көшесі;

      "Заречная" көшесі - "Жайық" көшесі;

      "Лесная" көшесі - "Аманат" көшесі;

      "М.Маметова" көшесі - "Мәншүк Мәметова" көшесі;

      "А.Молдагулова" көшесі - "Әлия Молдағұлова" көшесі;

      2) Пойма ауылы бойынша:

      "№1У" көшесі - "Атамұра" көшесі;

      "Железнодорожная" көшесі - "Ақжол" көшесі;

      "Привокзальная" көшесі - "Береке" көшесі;

      "Речная" көшесі - "Мейрам" көшесі;

      "Лесная" көшесі - "Жеңіс" көшесі;

      "Молодежная" көшесі - "Бейбітшілік" көшесі;

      "Набережная" көшесі - "Шапағат" көшесі;

      "М.Маметова" көшесі - "Мәншүк Мәметова" көшесі;

      "А.Молдагулова" көшесі - "Әлия Молдағұлова" көшесі;

      "Шевченко" көшесі - "Тарас Шевченко" көшесі;

      "Ауэзова" көшесі - "Мұхтар Әуезов" көшесі деп қайта аталсын.

      3. Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы (Г.Самигуллина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсуат ауылдық округінің әкімі М. Энгелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады