Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 15.01.2021 № 12 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңыңа, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңыңа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шыңғырлау ауданы бойынша 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі №56 "Шыңғырлау ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5624 тіркелген, 2019 жылы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Т.Сағынгереев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шыңғырлау ауданы әкімінің міндеттерін уақытша атқарушы |
А. Бисембаев |
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 28 қаулысына 1-қосымша |
Шыңғырлау ауданы бойынша 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны |
1 | Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 281 | 2 | 6 |
2 | "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Шыңғырлау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 53 | 2 | 1 |
3 | Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 144 | 2 | 3 |
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 28 қаулысына 2-қосымша |
Шыңғырлау ауданы бойынша 2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны |
1 | Шыңғырлау ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Шыңғырлаукомтехсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 72 | 2 | 1 |
2 | Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 144 | 2 | 3 |
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 28 қаулысына 3-қосымша |
Шыңғырлау ауданы бойынша 2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны |
1 | Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 118 | 1 | 1 |
2 | Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 123 | 1 | 1 |
3 | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Шыңғырлау колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 84 | 1 | 1 |