Шыңғырлау ауданы бойынша 2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 56 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 5624 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 28 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 28.02.2020 № 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстык-атқару Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Шыңғырлау ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Шыңғырлау ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Шыңғырлау ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының бір пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      4. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 тамыздағы №98 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4506 тіркелген, 2016 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Т.Сагингереев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Тұрмағамбетовке жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

  Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 12 сәуірдегі
№ 56 қаулысына
1-қосымша

Шыңғырлау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шыңғырлау аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

281

2

6

2

Шыңғырлау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

48

2

1

3

Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

144

2

3

  Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "12" сәуірдегі
№ 56 қаулысына
2-қосымша

Шыңғырлау ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Шыңғырлаукомтехсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

72

2

1

2

Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің "Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

144

2

3

  Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "12" сәуірдегі
№ 56 қаулысына
3-қосымша

Шыңғырлау ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

"Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі

105

1

1

2

Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

133

1

1

3

"Шыңғырлау колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

94

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады