Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қаңтарда № 22051 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) ағымдағы жөндеу – жабдықтың (қондырғының) қалыпты пайдаланылуына кедергі келтіретін және оларды жұмыс істеп тұрған жабдықта жою мүмкін емес, анықталған ақауларды жою үшін орындалатын жөндеу;

      2) байпас – жылу жеткізгіште бекіту және реттеуіш арматурасына қатарлас тасымалдау үшін қолданылатын айналма жылу құбыры;

      3) жабдық – белгілі бір технологиялық схемамен біріктірілген механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптар жиынтығы;

      4) жарамды күйі – жабдықтың, ғимараттардың және (немесе) құрылыстардың нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық (жобалау) құжаттамасының барлық талаптарына сәйкес келетін күйі;

      5) жөндеу – жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жұмысқа қабілеттілік күйін және (немесе) жарамды күйін қалпына келтіру және олардың құрамдас бөліктерінің ресурсын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені;

      6) жұмысқа жарамдылық жай-күйі – жабдықтың, ғимараттардың және (немесе) құрылыстардың берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын барлық параметрлердің мәндері нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық (жобалау) құжаттамасының талаптарына сәйкес келетін жай-күйі;

      7) кеңейтілген ағымдағы жөндеу – ағымдағы жөндеуден біршама үлкен көлемдегі жұмыспен ерекшеленетін жөндеу, онда кезекті күрделі жөндеуге дейін қалыпты жұмыс істей алмайтын бөлшектер мен тораптарды жөндеу және ауыстыру жүргізіледі;

      8) күрделі жөндеу – жабдықтың кез келген, оған қоса негізгі бөлшектерін ауыстыру немесе қалпына келтіру, жөнделген бөлшектерді және тұтас жабдықты тексеру және реттеу, тозған қонструкциялары мен желі учаскелерін ауыстыру немесе қалпына келтіру, немесе оларды одан беріктеу және үнемділеріне ауыстыру жолымен энергетикалық жабдықтың немесе желінің жарамдылығын және ресурстарын қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылатын жоспарлы жөндеу жұмыстары;

      9) техникалық қызмет көрсету – мақсаты бойынша пайдалану, сақтау және (немесе) оларды жөндеуге шығармай тасымалдау кезінде жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жұмысқа жарамдылық жай-күйін және (немесе) жарамды жай-күйін қолдау жөніндегі іс-шаралар кешені немесе іс-шара;

      10) тоқтату – генерациялайтын қондырғылардың жұмысын жоспарлы немесе жоспардан тыс тоқтату.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдығына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдығын, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеуді ұйымдастыру тәртібі";

      13-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) электр станциясының жұмыс қуатының төмендеуімен байланысты жалпыстанциялық жабдықтарды күрделі жөндеу, кеңейтілген ағымдағы жөндеу негізгі жабдықты жөндеумен бір уақытта жоспарланады.".

      2. "Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10558 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      " "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 32) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бос тұру – энергия қондырғысының жұмыссыз жай-күйі;

      2) дүлей құбылыстар – табиғи ықпалдардың әсерінен, оның ішінде апаттың және зілзаланың салдарынан қоршаған ортаның бұзылуының, өзгеруінің болуын немесе болу мүмкіндігін сипаттайтын, адам мен қоғамның өмірлік маңызды мүдделеріне қауіп төндіретін жағдай;

      3) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі;

      4) жедел емес персонал – жедел және жедел-жөндеу персоналынан басқа персонал;

      5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      6) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      7) жүктемені толық түсіру – электр станциясының электр немесе жылу жүктемесін түсіруі;

      8) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесі – Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен кіші станциялардың жиынтығы;

      9) қате әрекеттер – технологиялық бұзушылыққа әкеп соққан немесе оның пайда болуының алдын алмаған персоналдың әрекеті немесе әрекетсіздігі;

      10) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) тергеп-тексеру – технологиялық бұзушылықтың туындау себептерін анықтау үшін құрылған комиссия жүзеге асыратын іс-шара;

      12) технологиялық бұзушылық – электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну процесінің бұзылуына алып келген жабдықтың, электр және (немесе) жылу желілерінің істен шығуы немесе зақымдануы, оның ішінде жану немесе жарылыс, белгіленген режимдерден ауытқу, жабдықты рұқсатсыз өшіру немесе оның жұмыс істеу қабілетін шектеу немесе оның бүлінуі салдарынан істен шығуы немесе зақымдануы.

      Технологиялық бұзушылықтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінде келтірілген өлшемшарттарға сәйкес жіктеледі.

      Технологиялық бұзушылық белгілері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылық себептерін жіктеу белгілерінде келтірілген.

      13) істен шығу – энергия кәсіпорнының немесе оның жабдығының жұмысқа жарамдылық жай-күйінің бұзылғанын білдіретін процесс;

      14) энергетикалық кәсіпорындар – энергия беруші, энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;

      15) энергия қондырғысы – жылу немесе электр энергиясын өндіруге, жинауға, өзгертуге, беруге, таратуға немесе тұтынуға арналған жабдық;

      16) энергия торабы – жылу және электрмен жабдықтау саласындағы инфрақұрылым тұтастығына ие оқшауланған аумақ.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Энергетикалық кәсіпорын технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 1 сағаттың ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес энергетикалық кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде орын алған технологиялық бұзушылықтар туралы шұғыл хабарламаларды ұсыну регламентіне сәйкес жедел хабарламалармен алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы жедел хабарлама береді.

      Энергетикалық кәсіпорын технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 15 минут ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тиісті облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаментті және жергілікті атқарушы органды жедел хабарламалармен алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы технологиялық бұзушылықтың туындау фактісі туралы хабардар етеді.

      Технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде энергетикалық кәсіпорын тиісті мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тиісті облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаментке, жергілікті атқарушы органға және жүйелік операторға жазбаша хабарлама жолдайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жедел және жазбаша хабарламалар мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) энергетикалық кәсіпорынның атауы, технологиялық бұзушылық, жазатайым оқиғаның пайда болған күні және уақыты;

      2) технологиялық бұзушылық, жазатайым оқиғаның болжамды себептері;

      3) пайдаланылған қорғаныс, автоматика және бұғаттау тізбесі;

      4) істен шыққан және жұмыста қалған жабдықтың тізбесі;

      5) технологиялық бұзушылықтың салдары: бұзылған жабдықтың көлемі, толық жібермеу, ажыратылған тұтынушылардың саны, технологиялық бұзушылықты жою уақыты;

      6) жазатайым оқиғаның алдын ала салдары;

      7) ақпаратты берген адамның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, технологиялық бұзушылықтарды энергетикалық кәсіпорынның бұйрығымен құрылған тұрақты жұмыс істейтін комиссия тергеп-тексереді.

      Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген технологиялық бұзушылықтарды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған комиссия тергеп-тексереді;

      Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген технологиялық бұзушылықтарды жергілікті атқарушы органның бұйрығымен құрылған комиссия тергеп-тексереді.

      Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көзделген технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру жүргізуге мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған комиссияға рұқсат беріледі;

      Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 2-тармағының 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру жүргізуге жергілікті атқарушы мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған комиссияға рұқсат беріледі.

      Бұйрық шығарған органның, ұйымның өкілдері Комиссия төрағалары болып тағайындалады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап келесі жұмыс күнінен есептелетін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей басталады және комиссия құрылған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде аяқталады.";

      11-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Комиссия төрағадан және оның мүшелерінен, сондай-ақ комиссияның шешіміне қатыспайтын хатшыдан тұрады. Хатшыны есептемегенде, комиссия мүшелерінің саны – тақ.";

      11-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында және 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген технологиялық бұзушылықтардың туындауы – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, әлеуметтік инфрақұрылым, азаматтық қорғау объектілерінде қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау функциясын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, энергетикалық кәсіпорынның, жөндеу, баптау, жобалау, ғылыми-зерттеу, қажет болған жағдайда дайындаушы зауыттардың және өзге де ұйым өкілдерін;

      3) Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында және 2-тармағының 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көзделген технологиялық бұзушылықтардың туындауы – мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның немесе әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына қадағалау функцияны жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, энергетикалық кәсіпорынның, дайындаушы зауыттардың, жөндеу, баптау, жобалау, ғылыми-зерттеу және өзге де ұйым өкілдерін;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көрсетілген орындалған іс-шаралар қорытындысы бойынша қалыптастырылған материалдар комиссияның әрбір мүшесіне ұсынылады. Комиссияның қарауына ұсынылатын сипаттамалар мен құжаттарды аумағында технологиялық бұзушылық орын алған және тергеп-тексеріліп жатқан энергетикалық кәсіпорынның басшысы дәйектейді.";

      17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) объектілердің және оны пайдаланатын ұйымдардың қауіпсіздік, техникалық жай-күйі және пайдалану талаптарына сәйкес келуі;";

      17-тармақтың 7) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Орталық Азияның біріктірілген энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі – БЭЖ) және Қазақстанның БЭЖ жұмысында іргелес мемлекеттердің кінәсінен болған технологиялық бұзушылықтар Орталық Азия БЭЖ Кеңесі бекіткен Орталық Азия БЭЖ және Қазақстан БЭЖ жұмысындағы бұзушылықтарды тергеп-тексеру және есепке алу жөніндегі (49 – отырыстың хаттамасы 2003 жылғы 31 шілде – 2003 жылғы 1 тамыз, Бішкек қаласы) нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) талаптарына сәйкес тергеп-тексеріледі. Бұл технологиялық бұзушылықтар жоғарыда аталған Нұсқаулыққа сәйкес арнайы есепке алуға жатады.

      24. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысында орын алған технологиялық бұзушылықтар есепке алуға жатады.";

      26-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларына 1-қосымшаға:

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің бекітілген графиктен 250С төмен желілік су температурасымен бес тәуліктен артық жұмыс істеуге әкеп соққан жылу көзінің зақымдануы немесе ақаулығы;";

      1-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) жылыту маусымында тұтынушыларды жылумен жабдықтауда 24 сағаттан артық мерзімге үзіліс тудырған жылу желілерінің зақымдануы болып табылады.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің бекітілген графиктен 250С төмен желілік су температурасымен 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін жұмыс істеуіне әкеп соққан жылу көзінің зақымдануы немесе ақаулығы;";

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) БЭЖ немесе оның оқшауланған бөлігінің (энерготорап) ұзақтығы 30 минутқа дейін 49,0 Гц төмен жиілікпен немесе үш минуттан аз 51,0 Гц жиілікпен жұмыс істеуі;";

      1-қосымшаның 2-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) тікелей жылу магистралындағы жылу желісінің бекітілген графиктен 250С төмен желілік су температурасымен ұзақтығы 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін жұмыс істеуіне әкеп соққан қазандықтағы жылу көзінің зақымдануы немесе ақаулығы;";

      2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) жылыту маусымында тұтынушыларды жылумен жабдықтауда 16 сағаттан 24 сағатқа дейін үзіліс тудырған жылу желілерінің зақымдануы болып табылады.";

      Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларға 2-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Технологиялық бұзушылықтардың техникалық себептерін жіктеу белгілері мыналар болып табылады:

      1) қондырғы материалы құрылымының, оның бөлшектерінің немесе торабының бұзылуы;

      2) пісірудің, дәнекерлеудің бұзылуы;

      3) механикалық қосылыстың бұзылуы;

      4) механикалық тозу;

      5) күлдік тозу;

      6) тотығып тозу;

      7) эрозиялық тозу;

      8) тұтастығының бұзылуы;

      9) дірілдің нормативтік мәнінің артуы;

      10) жарылыс;

      11) термиялық зақымдануы, қызып кету, қатты күю;

      12) электр доғалық зақымдану;

      13) электрлік оқшаулаудың бұзылуы;

      14) электрлік түйісудің бұзылуы;

      15) механикалық қирау (зақымдану);

      16) жану немесе өрт;

      17) электр желісі тұрақтылығының бұзылуы;

      18) аварияға қарсы автоматиканың бұзылуы;

      19) жіктелмеген себептер (ресурстың жойылуы, қождануы және басқасы);

      20) өндірісті диспетчерлік және технологиялық басқару жүйелерінің жұмысындағы бұзушылықтар.";

      Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларға 4-қосымшаның 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Электр және/немесе жылу энергиясын толық жібермеу есебіне кәсіпорынның техникалық басшысы қол қояды.";

      Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларға 5-қосымшаның 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Зақымдалған жабдықтың қалпына келтірілген күні мен уақыты.

      Бұзушылықты тергеп-тексерген комиссия 20____ жылғы "____" №____

      _______________________________________ бұйрықпен тағайындалды.

      Төраға _________________________ ______________

      (Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (лауазымы, қолы)

      Комиссия мүшесі ____________________ ______________

      (Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (лауазымы, қолы)

      Акт 20____ жылғы "____" ______________ жасалды.";

      Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларына 7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 Бұйрыққа
1-қосымша
  Бірыңғай электр энергетикасы
жүйесінің, электр
станцияларының, аудандық
қазандықтардың, электр және
жылу желілерінің жұмысындағы
технологиялық бұзушылықтарға
тергеп-тексеру жүргізу және
оларды есепке алу қағидаларына
3-қосымша

Энергетикалық кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы шұғыл хабарламаларды ұсыну РЕГЛАМЕНТІ

      1. Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы ақпарат мына кестеге сәйкес хабарланады:

Шұғыл хабарламалар ұсынылатын бұзушылықтар

Хабарламаларды ұсыну реттілігі

Штаттан тыс жағдайлар туындаған сәттен бастап 1 сағат ішінде жедел хабар алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы және 12 сағаттан кешіктірмей жазбаша түрде хабарланады:

1-кезең

2-кезең

1.

220 кВ және одан жоғары электр желілеріндегі бұзылулар мен ажырату және осы желілердегі қуат ағымын шектеу автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуі;

ЭК ОДҚ-қа ЖО ӨДО-ға, жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды,
ЖО ӨДО ЖО ҰДО-ға, жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды.

ЖО ҰДО мен мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды

2.

Жүйелік оператордың басшылығындағы энергетикалық кәсіпорындардағы (объектілердегі) жазатайым оқиғалар;

3.

Жүйелік оператордың басқару жүйесіне кіретін энергетикалық объектілердегі жабдықтың бұзылуымен өрттің, жарылыстың пайда болуы;

4.

электр станциясы жүктемесінің толық түсуі;

5.

күл-қож үйіндісі дамбаларын немесе гидроқұрылыс бөгеттерін су шайып кету, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың негізгі конструкцияларының бұзылуы;

6.

Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуі;

7.

орталықтандырылған шұғыл-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператор өкімдерінің орындалмауы;

ЖО ҰДО-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды

8.

жылыту маусымында жылу желілеріндегі айналымның тоқтауы немесе магистральдық құбырдың бұзылуы;

ЭК ОДҚ-сы ЖО ӨДО-ға, жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды

ЖО ҰДО мен мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды

9.

энергетикалық кәсіпорындардағы (объектілердегі) жазатайым оқиғалар;

ЭК ОДҚ-сы ЦДС ЭП мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына және жергілікті атқарушы органға хабарлайды

мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына және/немесе басқарма басшысына хабарлайды

10.

энергетикалық объектілердегі жабдықтың бұзылуымен өрттің, жарылыстың пайда болуы;

11.

110 кВ және одан жоғары электр желілеріндегі бұзылулар мен ажырату және осы желілердегі қуат ағымын шектеу автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуі;

12.

бір энергетикалық кәсіпорын шегінде 2 және одан да көп электр беру желілерінің, сондай-ақ кернеуі 6-35 кВ электр желілеріндегі немесе тұтынушыларды 0,5 МВт жоғары электр энергиясынан жаппай ажыратуға әкеп соққан немесе сұрапыл апат нәтижесіндегі ажыратылуы және/немесе бұзылуы;

13.

диспетчердің басқарушы объектімен байланысын 1 сағаттан астам мерзімге толық жоғалтуға әкеп соққан диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары жұмысының бұзылуы;

14.

электр станциясы жабдығының, технологиялық ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуы;

15.

қорғаныс пен автоматиканың қате әрекеті;

16.

автоматикалық қорғаныс құралдарының немесе технологиялық параметрлердің жол бергісіз ауытқуларынан персонал әрекетінен немесе өзге де себептерден электр станциясы, электр кіші станциясы жабдығының ажыратылуы;

17.

өнеркәсіп ірі кәсіпорындарының, көлік, байланыс, газ бен мұнайды өндіру, оларды өңдеу; қалалардың (кенттердің) немесе тұрғын аудандардың энергиямен жабдықтаудың тоқтатылуы;

18.

орталықтандырылған шұғыл-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператор өкімдерінің орындалмауы.

      Энергетикалық кәсіпорын технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 15 минут ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тиісті облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаментті және жергілікті атқарушы органды жедел хабарламалармен алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы технологиялық бұзушылықтың туындау фактісі туралы хабардар етеді.

      2. Шұғыл және жазбаша хабарламалар мынадай мәліметтерден тұрады:

      1) энергетикалық кәсіпорынның атауы, технологиялық бұзушылықтың, жазатайым оқиғаның пайда болған күні мен уақыты;

      2) технологиялық бұзушылықтың, жазатайым оқиғаның болжанатын себептері;

      3) пайдаланылған қорғаныстардың, автоматика мен бұғаттаулардың тізбесі;

      4) істен шыққан және жұмыста қалған жабдықтың тізбесі;

      5) технологиялық бұзушылықтың салдары: бүлінген жабдықтың көлемі, толық жібермеу, ажыратылған тұтынушылардың саны, технологиялық бұзушылықты жою уақыты;

      6) жазатайым оқиғаның алдын алу салдары;

      7) ақпаратты берген адамның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы.

      Ескертпе:

      ЭК ОДҚ – энергия кәсіпорындарының орталық диспетчерлік қызметі;

      ЖО ӨДО – жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталығы;

      ЖО ҰДО – жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы;

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшылығы – Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган Орталық аппаратының басшылығы;

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның АД – Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменттері.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 Бұйрыққа
3-қосымша
  Бірыңғай электр энергетикасы
жүйесінің, электр
станцияларының, аудандық
қазандықтардың, электр және
жылу желілерінің жұмысындағы
технологиялық бұзушылықтарға
тергеп-тексеру жүргізу және
оларды есепке алу қағидаларына
7-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинау
  үшін арналған нысан

Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік

      Есепті кезең 20__ жылғы "_"_____ бастап 20__ жылғы "____"__________ қоса алғанда.

      Индекс: ТБ-1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: энергия беруші және энергия өндіруші ұйымдар.

      Қайда ұсынылады: энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган (құзыреті бойынша).

      Тапсыру мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың жетінші күніне дейін ай сайын.

№ п/п

Кәсіпорынның атауы

Авариялар

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

ТБ себептері

1

2

3

4

5

6

Техникалық себептер

1.1

1.2

1.3

1.4

1.5

1.6

1.7

1.8

1.9

1.10
















      кестенің жалғасы





ұйымдастыру себептері

1.11

1.12

1.13

1.14

1.15

1.16

1.17

1.18

1.19

1.20

2.1

2.2

2.3

2.4

2.5

2.6

















      кестенің жалғасы



Жеткіліксіз жіберілген

Электр энергиясы, (мың. кВт*с)

Жылу энергиясы, (Гкал/с)


Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде


7

8

9

10

2.7

2.8

2.9

2.10

2.11

2.11

2.12

2.13

2.14














      кестенің жалғасы

І дәрежелі істен шығулар

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

ТБ себептері

11

12

13

14

техникалық себептер

1.1

1.2

1.3

1.4

1.5

1.6

1.7

1.8

1.9

1.10

1.11

1.12
















      кестенің жалғасы





ұйымдастыру себептері

1.13

1.14

1.15

1.16

1.17

1.18

1.19

1.20

2.1

2.2

2.3

2.4

2.5

2.6

2.7

2.8

2.9


















      кестенің жалғасы


ІІ дәрежелі істен шығулар


Жеткіліксіз жіберілген

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Электр энергиясы, (мың. кВт*с)

Жылу энергиясы, (Гкал/с)


Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде




15

16

17

18

19

20

2.10

2.11

2.12

2.13

2.14












      кестенің жалғасы


Өткен жылдың тиісті кезеңінде

ТБ себептері

21

22

техникалық себептер

1.1

1.2

1.3

1.4

1.5

1.6

1.7

1.8

1.9

1.10

1.11

1.12

1.13

1.14

1.15

















      кестенің жалғасы





ұйымдастыру себептері

1.16

1.17

1.18

1.19

1.20

2.1

2.2

2.3

2.4

2.5

2.6

2.7

2.8

2.9

2.10

2.11

2.12


















      кестенің жалғасы


Жазатайым оқиғалар


Жеткіліксіз жіберілген

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Оның ішінде өліммен аяқталатын

Электр энергиясы, (мын. кВт*с)

Жылу энергиясы, (Гкал/с)


Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде


23

24

25

26

27

28

29

30

31

2.13

2.14












      кестенің жалғасы

Өрт

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

32

34

34




      Ұйымның атауы _________________________________________________

      Ұйымның мекенжайы ____________________________________________

      Ұйымның телефоны ______________________________________________

      Ұйымның электрондық пошта мекенжайы ___________________________

      Орындаушы __________________________ ______________             __________

      Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы

      Орындаушының телефоны ________________________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ________________       _______

      Тегі Аты Әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы

      Ескертпе: "Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Технологиялық бұзушылықтар
туралы есептілік" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға
қосымша

"Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Есеп беру айына нысанды толтыру жабдықтың жұмысындағы технологиялық бұзушылықтар жөніндегі есептік құжаттар негізінде жүргізіледі.

      Кестеге кернеуі 0,4 кВ электр станцияларының электр техникалық жабдығы өшуінің ІІ дәрежелі жіктелген істен шығулар енгізілмейді.

      2. "Авариялар" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап авариялар саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңінде және өткен есептік жылдан кейінгі жылдың тиісті кезеңінде болған авариялар саны көрсетіледі;

      "ТБ себептері" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес технологиялық бұзушылықтар жіктеу себептерінің белгілері көрсетіледі;

      "Жеткіліксіз жіберілген" кіші бөлімінде "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі авариялар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.

      3. "І дәрежелі істен шығулар" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап І дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі болған және өткен жылдың тиісті кезеңінде болған І дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;

      "ТБ себептері" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес технологиялық бұзушылықтар жіктеу себептерінің белгілері көрсетіледі;

      "Жеткіліксіз жіберілген" кіші бөліміндегі "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі І дәрежелі істен шығулар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.

      4. "ІІ дәрежелі істен шығулар" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап ІІ дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі ІІ дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;

      "ТБ себептері" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес технологиялық бұзушылықтар жіктеу себептерінің белгілері көрсетіледі;

      "Жеткіліксіз жіберілген" кіші бөліміндегі "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі ІІ дәрежелі істен шығулар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.

      5. "Жазатайым оқиғалар" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі болған жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі;

      "Оның ішінде өліммен аяқталатын" бағанында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі.

      6. "Өрт" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап өрт саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі өрт саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады