БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 12 тамыздағы № 493 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8649 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2013 жылы 27 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесінде:
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
16. | Тұрғылықты жерінің мекенжайы, тұрғылықты жері немесе уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелу күні |
"; |
реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
27. |
Қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны; |
"; |
реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
48. | Қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті адам ретінде іздестіруде жүрген немесе есепте тұрған адам туралы мәліметтер |
"; |
реттік нөмірі 59-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 64-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
64. | Қандас мәртебесін беру (тоқтату) күні (күні, айы, жылы) және негізі |
". |
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті (С.В. Пономарев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |