"Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекеменің заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қаңтарда № 22120 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекеттік активтермен және сатып алулармен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ойшыбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2021 жылғы 21 қаңтардағы
№ 20 Бұйрығына
1-қосымша

Телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Р/с №

Телефон байланысы түрлерінің атауы

Пайдаланушылар

1

2

3

1.

Республика ішіндегі қалааралық телефон байланысы *

мемлекеттік мекеменің басшысы, оның орынбасарлары; басшының қабылдау бөлмесі; құрылымдық бөлімшелердің басшылары

2.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен халықаралық телефон байланысы

мемлекеттік мекеменің басшысы, оның орынбасарлары

3.

Алыс шет елдермен халықаралық телефон байланысы

мемлекеттік мекеменің басшысы

4.

Қалалық нөмірлермен телефон байланысы

мемлекеттік мекеменің қызметкерлері – (басшысы, оның орынбасарлары; басшының қабылдау бөлмесі; құрылымдық бөлімшелердің басшылары, бас бухгалтер, бас сарапшылар - бір нөмірден, сарапшылар - екеуге бір нөмір), басқа қызметкерлер

      Ескертпе:

      * Осы телефон байланысының түрі сол сияқты стационарлық телефоннан ұялы байланыс желісіне шалынатын қоңырауды қамтиды.

  Бұйрығына
2-қосымша

Кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары*

Р/с №

Лауазымның
атауы

Жиһаздың атауы

Кеңселік жиһаздың саны (1 бірлікке)

1

2

3

4

1.

Басшы

Басшының үстелі

1

Қағазға арналған тумба

1

Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба

1

Келіссөздер жүргізуге арналған үстел

1

Қағазға арналған шкаф

2

Сырт киімге арналған шкаф

1

Басшыға арналған кресло

1

Келушілерге арналған кресло

6

Басшының қабылдау бөлмесі

Үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Қағазға арналған шкаф

1

Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба

1

Сырт киімге арналған шкаф

1

Келушілерге арналған орындық

4

Кресло

1

2.

Басшы орынбасарының бөлмесі

Үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Ұйымдастыру техникасының астына қоятын тумба

1

Қағазға арналған шкаф

1

Сырт киімге арналған шкаф

1

Кресло

1

Келушілерге арналған орындық

4

3.

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

Үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Сырт киімге арналған шкаф

1 (2 бірлікке)

Қағазға арналған шкаф

1 (2 бірлікке)

Кресло

1

Келушілерге арналған орындық

1

Құжаттарға арналған сөрелер

1 (3 бірлікке)

4.

Мемлекеттік мекеменің қызметкері

Үстел

1

Қағазға арналған тумба

1

Қағазға арналған шкаф

1 (2 бірлікке)

Сырт киімге арналған шкаф

1 (2 бірлікке)

Құжаттарға арналған сөрелер

1 (3 бірлікке)

Келушілерге арналған орындық

1

Кресло

1

      Ескертпе:

      * Осы заттай нормалар кеңсе жиһазын сатып алу бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылатын көмекші бөлмелерге (келіссөздер жүргізу бөлмелері, конференц-залдар, вестибюль, дәліздер, архив) арналған кеңсе жиһазын сатып алуға қолданылмайды.

  Бұйрығына
3-қосымша

Орналастыру үшін алаңмен қамтамасыз етудің заттай нормалары*

Р/с №

Үй-жайдың атауы

Өлшем бірлігі

Үй-жайдың алаңы

1

2

3

4

1.

Басшының кабинеті

шаршы метр (бұдан әрі – ш.м)

25,0

Басшының қабылдау бөлмесі

ш.м

10,0

2.

Басшы орынбасарының кабинеті

ш.м

20,0

3.

Қызметшінің кабинеті

ш.м

7,5

4.

Жалпы үй-жайлар (мәжіліс залы, мұрағат,серверлік, жабдықтар, мүкәммал және т.б. қоймалары)

ш.м

жиынтығының 25 %-ы

5.

Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, желдеткіш камералары, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар және басқалар)

ш.м

жиынтығының 20 %-ы

Алматы қаласында Достық үйінің ғимараты

1.

Құрылымдық бөлімше басшысының кабинеті

ш.м

25,0

Құрылымдық бөлімше басшысының қабылдау бөлмесі

ш.м

7,0

2.

Қызметшінің кабинеті

ш.м

7,5

3.

Жалпы үй-жайлар (мәжіліс залы, кино залы, холл, қоймалар, тамақ ішетін зал, асүй, проектор бөлмесі)

ш.м

жиынтығының 25 %-ы

4.

Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, жуғыш, электр қалқаны, дәретханалар, жеке гигиена үшін үй-жай, баспалдақ алаңы, тамбур)

ш.м

жиынтығының 20 %-ы

      Ескертпе:

      * Егер мемлекеттік мекемелердің ғимараттарындағы қызметтік үй-жайларды жоспарлау өзгешелігінде осы алаңдарды қысқарту мүмкін болмаған жағдайда, қызметтік алаңдардың заттай нормаларын ұлғайтуға рұқсат етіледі.

  Бұйрығына
4-қосымша

Қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары*

Р/с №

Мемлекеттік мекеменің атауы

Лауазымның атауы

Автомобильдер саны

Қозғалтқыш көлемі, текше сантиметр (автобустардан басқа)

1 автомобильдің бір айдағы жүруі (километр)

қызметтік
(1 бірлікке)

кезекші (оның ішінде автобустар)

1

2

3

4

5

6

7

1.

"Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі



1

3000 – ден көп емес

2600 – ден көп емес

2.

Алматы қаласында Достық үйі



1

3000 – ден көп емес

2000 – ден көп емес

      Ескертпе:

      * Осы заттай нормалардағы қызметтік автомобильдерге арналған жүру лимиті мемлекеттік мекеме басшысын, мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарын жақын елдi мекендерге қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберген жағдайлардағы жүруді қамтымайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады