"Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қаңтарда № 22121 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13468 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2016 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Атом энергиясын пайдалану туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау тәртібін (бұдан әрі – аттестаттау) айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аттестаттауды өткізу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының бұйрығымен атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізу үшін комиссияның (бұдан әрі – комиссия) құрамы және ережесі бекітіледі.

      Комиссияның құрамына көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасары, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері енгізіледі.

      Аттестаттауды өткізу кезінде ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері комиссияның отырысына қатыса алады.

      Комиссия мүшелерінің саны тақ болады және кемінде бес адамды құрайды. Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.

      Комиссияның отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды.

      Комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, мүдделер қақтығысы туындаған комиссия мүшесі әңгімелесу өткізгенге дейін қалған комиссия мүшелерін туындаған мүдделер қақтығысы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Қалған комиссия мүшелері мүдделер қақтығысы туындаған комиссия мүшесінің өтініші бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдайды:

      1) мүдделер қақтығысы туындаған комиссия мүшесін комиссия жұмысына қатысудан шеттетеді. Мүдделер қақтығысы туындаған комиссия мүшесін шеттету туралы шешімді комиссия ашық дауыс беру жолымен оның мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және ол мүдделер қақтығысы туындаған комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі. Дауыстар саны тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады;

      2) күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде комиссия құрамының өзара алмасуы жөніндегі бұйрыққа сәйкес комиссия құрамын қайта қарайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Аттестаттаудан өту үшін аттестатталатын адам (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде өтінішті және көрсетілетін қызметті алушыны қызметке тағайындау туралы бұйрығы мен лауазымдық нұсқаулығының электрондық көшірмесін (бұдан әрі – құжаттар) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жолдайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойған, одан әрі қараудан дәлелді бас тарту электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қарастырады, тестілеуден өту күні, уақыты және орны туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай негіздер бойынша:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса, мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойған, мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Аттестаттау құжаттарды тіркеген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Тестілеу және әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.

      Техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген материалдар аттестаттау өткізген сәттен бастап 1 (бір) жыл ішінде комиссия хатшысында сақталады.

      Тестілеу көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық құрылымдық бөлімшелері ұсынған орындарда өтеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде аттестаттауға жіберіледі.

      Тестілеу уақытында көрсетілетін қызметті алушылар өзара сөйлеспейді, қандай да бір көмекші ақпараттық материалдарды (анықтамалық, арнайы әдебиет), байланыс құралдарын және электрондық жеткізгіштегі жазбаларды пайдаланбайды.

      Комиссияның хатшысы тестілеуден өту тәртібін бұзу фактісін анықтаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыны тестілеу тоқтатылады. Осы бұзушылық фактісі бойынша комиссия хатшысы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту тәртібінің бұзылғаны туралы акті ресімдейді, және көрсетілетін қызметті алушыға тестілеудің теріс нәтижесі беріледі.

      Тестілеуге бөлінген уақыт өткен соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.

      Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

      Егер дұрыс жауаптар саны шекті деңгейге тең не одан жоғары болса, онда көрсетілетін қызметті алушыға монитордағы компьютерлік бағдарлама "тесттен өтті" деген тестілеудің оң нәтижесі беріледі.

      Егер дұрыс жауаптар саны шекті деңгейден төмен болса, онда монитордағы компьютерлік бағдарлама "тесттен өткен жоқ" деген тестілеудің теріс нәтижесі беріледі және көрсетілетін қызметті алушы әңгімелесуге жіберілмейді.

      Әңгімелесу сұрақ-жауап түрінде өткізіледі. Көрсетілетін қызметті алушыға 10 сұрақ қойылады.

      Егер аттестатталатын адам 7 және одан көп сұраққа жауап берсе әңгімелесуден өткен болып саналады.

      Егер аттестатталатын адам 6 және одан аз сұраққа жауап берсе әңгімелесуден өтпеген болып саналады.

      Әңгімелесу нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

      2) біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

      Комиссияның шешімін комиссия хатшысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға аттестаттау жүргізу комиссиясы отырысының қорытындысы түрінде ресімдейді.

      Комиссия көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы шешім қабылдаған және (немесе) тестілеуден оң нәтиже алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған, атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) жіберіледі.

      Комиссия көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдаған және (немесе) тестілеуден теріс нәтиже алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы комиссия қорытындысы жіберіледі.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген мерзімде аттестаттаудан өтуге дәлелсіз себеппен келмеген болса, онда аталған адам аттестаттаудың теріс нәтижесін алған болып саналады және комиссия көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдайды.

      Егер көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген мерзімде аттестаттауға дәлелді себептер бойынша (науқастануы, іссапар, демалыс, оқу орындарында оқуы) келмеген жағдайда және көрсетілетін қызметті алушының тарапынан туындаған дәлелді себеп және құжаттамалық растау туралы хабарлама жіберілген кезде мерзімді өткізу себебі болған мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасы негізінде көрсетілетін қызметті берушіге кезектен тыс аттестаттаудан өтуге өтініш жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы туындаған дәлелді себеп туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті берушіге аттестаттауды өткізу мерзімі өтіп кеткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей еркін нысанда жібереді.";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Аттестаттау нәтижелеріне шағымдану тәртібі

      19. Көрсетілетін қызметті алушы тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерімен келіспеген жағдайда олардың нәтижелеріне аттестаттау өткен күні осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтініш беру арқылы шағымданады.

      20. Тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтінішті қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының бұйрығымен тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтінішті қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы және ережесі (бұдан әрі – апелляциялық комиссия) бекітіледі.

      Апелляциялық комиссия көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің комиссияның құрамына кірмейтін қызметкерлерінен тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің саны тақ болып табылады және кемінде үш адамды құрайды.

      Апелляциялық комиссия мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, апелляциялық комиссиясының мүдделер қақтығысы туындаған мүшесі тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтінішті қарағанға дейін қалған апелляциялық комиссия мүшелерін туындаған мүдделер қақтығысы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Қалған апелляциялық комиссия мүшелері апелляциялық комиссияның мүдделер қақтығысы туындаған мүшесінің өтініші бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдайды:

      1) мүдделер қақтығысы туындаған апелляциялық комиссия мүшесін апелляциялық комиссия жұмысына қатысудан шеттетеді. Мүдделер қақтығысы туындаған апелляциялық комиссия мүшесін шеттету туралы шешімді апелляциялық комиссия ашық дауыс беру жолымен оның мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және ол мүдделер қақтығысы туындаған апелляциялық комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі. Дауыстар саны тең болған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады;

      2) күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде апелляциялық комиссия құрамының өзара алмасуы жөніндегі бұйрыққа сәйкес апелляциялық комиссия құрамын қайта қарайды.

      21. Тестілеу және әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтінішті қарауды апелляциялық комиссия өтініш келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Апелляциялық комиссия отырысының барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.

      Техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген материалдар апелляциялық комиссия отырысынан бастап 1 (бір) жыл ішінде апелляциялық комиссия хатшысында сақталады.

      22. Тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтінішті қарау қорытындысы бойынша апелляциялық комиссия осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама түрінде ресімделетін шешім шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жібереді.

      23. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жазбаша, ауызша нысанда не электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш нысанында беріледі.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

      24. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап (15) он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      25. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сотқа шағымдана алады.";

      3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 21 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
қосымша
  Атом энергиясы
пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша

"Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік, көрсетілетін қызметті алушының біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы комиссияның қорытындысы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7.

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

1) өтініш;
2) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;
3) жұмыскердің лауазымдық нұсқаулығының электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

9.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13468 болып тіркелген) Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
www.gov.kz – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" деген бөлімдегі "Көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
порталда орналасқан;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының "Энергетика министрлігі" деген бөлімнің "Көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады