Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 ақпанда № 22141 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10972 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 мамырда жарияланған") мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидалары және аумағында бірыңғай кезекші-диспетчерлік "112" қызметінің өкілеттігі бекітілсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Дағдарыс жағдайларында басқару орталығы:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 27 қаңтардағы
№ 42 Бұйрығымен
бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы "23" ақпандағы
№ 138 бұйрығына
бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағындағы кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидалары және аумағында бірыңғай кезекші-диспетчерлік "112" қызметінің өкілеттігі

1 -тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидалары "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 1-тармағының 70-20) тармақшасына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайлар туындаған кезде, адамдардың өміріне қауіп төнген және денсаулығына зиян келтірілген кезде және шұғыл көмек көрсету шараларын қабылдауды талап ететін өзге жағдайларда кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мына терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) авариялық-құтқару құралымы – авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе аттестатталған авариялық-құтқару қызметінің құрамына кіретін азаматтық қорғау күштерінің ұйымдық-құрылымдық бірлігі;

      2) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі – төтенше жағдайдың туындау алғышарттары немесе туындауы, өрт, адамдардың өміріне төнген қатер мен денсаулығына зиян келтіру қатері туралы және өз құзыреті шегінде шұғыл қызметтердің ден қою жөніндегі іс-қимылдарын кейіннен үйлестіре отырып шұғыл көмек шараларын қолдануды қажет ететін өзге де жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдау және өңдеу қызметі;

      3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады;

      4) төтенше жағдайлар (бұдан әрі - ТЖ) – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай.

2 -тарау. Қазақстан Республикасының аумағында өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтер

      3. Қазақстан Республикасы аумағында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – ТЖМ) аумақтық бөлімшелерінің жауапты аймағында өзара іс-қимыл жасайтын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің құрамына:

      1) ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы (бұдан әрі - БКДҚБ);

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел басқару орталығы, аумақтық органының кезекші бөлімі;

      3) жергілікті атқарушы органның жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлік бөлімшесі;

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық авиация қызметінің диспетчерлік бөлімшесі;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органының кезекші қызметі;

      6) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы;

      7) әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым объектілеріндегі авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын бақылауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның кезекшілік-диспетчерлік қызметтері;

      8) байланыс операторларының анықтамалық қызметі кіреді.

3 -тарау. Қазақстан Республикасы аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру тәртібі

      4. Төтенше жағдайлар туындаған, адамдардың өміріне қауіп төнген және денсаулығына зиян келтірген кезде және өзге де шұғыл көмек шараларын қабылдауды талап ететін жағдайларда БКДҚБ өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіреді. Бұл үшін БКДҚБ орналасқан жерде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы байланыс инфрақұрылымымен ықпалдасады.

      5. Кезекшілік-диспетчерлік қызметтермен өзара іс-қимыл күнделікті қызмет, жоғары әзірлік және төтенше жағдайлар режимінде ұйымдастырылады.

      1) Күнделікті қызмет режимінде:

      "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің (бұдан әрі – БКДҚ) жедел кезекшісі кезекшілікке түскен кезде байланыс арналары мен құралдарын тексереді, өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшілерінің байланыс деректерін, нөмірлерін, шақыртулары мен басқа қажетті ақпаратты көрсете отырып, қосымша байланыс құралдарының бар-жоғы туралы мәліметті нақтылайды;

      кезекшілік кезінде өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтер төтенше жағдайлар, адамдардың өміріне қауіп төнген және денсаулығына зиян келтірілген және шұғыл көмек шараларын қабылдауды талап ететін өзге жағдайлар туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

      төтенше жағдайлар туындаған кезде, адамдардың өміріне қауіп төнген және денсаулығына зиян келтірілген кезде және шұғыл көмек көрсету шараларын қабылдауды талап ететін өзге жағдайларда кезекшілік-диспетчерлік қызметтер тиісті шұғыл қызметтерді тарта отырып, оларға ден қою бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;

      өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтерге төтенше жағдай туралы ақпарат келіп түскен кезде ол "112" БКДҚ жедел кезекшісіне шұғыл түрде беріледі;

      кезекшілік-диспетчерлік қызметтер төтенше жағдайлар туындаған, адамдардың өміріне қауіп төнген және денсаулығына зиян келтірілген кезде және шұғыл көмек көрсету шараларын қабылдауды талап ететін өзге жағдайлармен байланысты оқиғаларға шұғыл ден қою бойынша іс-қимылы туралы Заңның 6-бабына сәйкес "112" БКДҚ-ға хабар береді.

      2) Жоғары әзірлік режимінде:

      "112" БКДҚ жедел кезекшісі жағдайды қадағалау, бақылау және болжау қызметтерінен, сондай-ақ әлеуетті қауiпті объектілерден ақпаратты жинауды және қорытындылауды жүзеге асырады;

      "112" БКДҚ жедел кезекшісі қажет болған жағдайда тиісті бейіндегі өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің (өрт сөндіру қызметі, құқық қорғау қызметі, жедел медициналық қызмет, авариялық қызмет) жедел кезекшісіне радиациялық, химиялық, биологиялық, экологиялық, өрт және басқа да ахуалдар туралы, сондай-ақ төтенше жағдай аймағындағы барлық өзгерістер туралы ағымдағы ақпаратты жібереді;

      өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшісі ықтимал төтенше жағдай аймағындағы өз мамандандыруы бойынша ахуалдың өзгерулері туралы келіп түскен ақпаратты "112" БКДҚ жедел кезекшісіне дереу жібереді;

      өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің жедел кезекшілері (осы қағидалардың 3-тармағының 5, 8 тармақшаларында көрсетілген кезекші бөлімдерден басқа) төтенше жағдай қатері төнуі туралы ақпаратты алған кезде шұғыл ден қою құралымдарын жоғары әзірлікке келтіреді және "112" БКДҚ-ға олардың құрамы туралы деректер береді.

      3) Төтенше жағдай режимінде:

      төтенше жағдайлар туралы хабарлама алған кезде "112" БКДҚ жедел кезекшісі "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 765 қаулысына сәйкес алынған ақпаратты сәйкестендіреді;

      "112" БКДҚ жедел кезекшісі шұғыл тәртіпте тиісті бейіндегі авариялық-құтқару құралымдарын (өрт сөндіру қызметі, құқық қорғау қызметі, жедел медициналық қызмет, авариялық қызмет) төтенше жағдайлар аймағына шұғыл түрде жібереді;

      төтенше жағдайлар аймағына қосымша шұғыл ден қою құралымдарын жіберу қажет болған кезде "112" БКДҚ жедел кезекшісі өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің тиісті жедел кезекшілеріне ол туралы шұғыл түрде хабар береді;

      төтенше жағдай аймағына өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің жедел (осы қағидалардың 3-тармағының 5, 8 тармақшаларында көрсетілген кезекші бөлімдерден басқа) кезекшілері төтенше жағдай аймағына қосымша шұғыл ден қою құралымдарын жіберу туралы ақпаратты алған кезде көрсетілген іс-шараларды шұғыл тәртіппен жүзеге асырады және "112" БКДҚ-ға олардың құрамы, төтенше жағдай аймағынан кету және келу уақыты туралы деректер береді;

4-тарау Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай кезекші-диспетчерлік "112" қызметінің өкілеттігі

      Қазақстан Республикасының аумағында "112" БКДҚ өкілеттіктері:

      1) төтенше жағдайлар, өрт туындауының алғышарттары немесе туындағаны, адам өміріне қатер туындағаны және деңсаулығына зиян келтірілгені және шұғыл көмек шараларын қабылдауды талап ететін өзге жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан түскен хабарламаны қабылдау және өңдеу;

      2) төтенше жағдайлар, адам өміріне қатер туындағаны және денсаулығына зиян келтірілгені және шұғыл көмек шараларын қабылдауды талап ететін өзге жағдайларға шұғыл қызметтердің ден қоюы бойынша іс-қимылдарын үйлестіру;

      3) төтенше жағдайларды жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шұғыл қызметтерінің, авариялық-құтқару құрамаларының іс-қимылдарын үйлестіру;

      4) халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда төтенше жағдайлардың алғышарттары немесе туындауы, сондай-ақ қалыптасқан жағдайда іс-қимылдар тәртібі туралы жеке және заңды тұлғаларды құлақтандыру және оларға хабар беру;

      5) ТЖМ облыста (қалада) орналасқан ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарының, Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі - ТЖД) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің кезекші қызметтеріне жедел қатынаста басшылық ету;

      6) ТЖД ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне, облыста (қалада) орналасқан ТЖМ ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарына кезек күттірмейтін төтенше жағдайларға жедел ден қою шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ТЖМ және ТЖД басшылығының өкімдерін жеткізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады