"Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 ақпанда № 22147 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларында:

      10-тармағының 5-бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тіркеуші органның жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кепілі) болып табылады, оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтініш береді.

      Кепілдің мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ кепілдің өзге де мәліметтерді қамтитын кепілдің мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кепілдің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, кепілдің мемлекеттік қызметін көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басын растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті тіркеу органының қызметкері "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Тіркеуші органның кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және кепілдің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Тіркеуші органның жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.";

      23-тармағының 2-бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеуші органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында пайдаланушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      25. "Көрсетілетін қызметті алушы тіркелген кепілге өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу және оны тоқтату үшін осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес өтінішті портал арқылы жібереді.";

      30-тармағының 2-бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2 тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 9-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2020 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министірінің
2021 жылғы 26 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына
1-қосымша
  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
Мемлекеттік жылжымалы құрам
тізілімінен алып тастау
қағидаларына
8-қосымша

Жылжымалықұрамкепілінмемлекеттіктіркеумемлекеттіккөрсетілетінқызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Кепілді тіркеу, өзгерті, толықтыру және тоқтату кезінде:1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы – 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу, жылжымалы құрамның тіркелген кепілін өзгерту, толықтыру және тоқтату үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді және:жеке тұлғалар үшін 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);заңды тұлғалар үшін-5 (бес) АЕК."Алым сомасын төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолмақол емес нысанда жүзеге асырылады."Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.miid.gov.kz интернет-ресурсында Көлік комитеті бөлімінің "Мемлекеттік органның қызметтері" бөлігінде орналастырылған.

7

Жұмыс кестесі

1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);2) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс пен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу үшін:1) порталға:осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;Өтінішті портал арқылы жіберген кезде жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.Тіркелген кепілді өзгерту, толықтыру және тоқтату үшін:портал арқылы өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) кепілді тіркеу туралы өтінішпен қатысы жоқ адам жүгінсе.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады