"Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 ақпанда № 22153 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесінде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың, оларға қатысты көрсеткіштер мен коэффициенттердің тізбесінде келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттер ескеріле отырып, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.

      Халық санының болжамы төмендеген кезде үш жылдық жоспарланған кезең алдындағы жыл санының болжамы қолданылады.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ағымдағы шығындарды есептеу кезінде:

      Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының ерекше мәртебесі ескеріле отырып, олар үшін тиісінше 1,25 және 1,5 жоғарылату коэффициенттері қолданылады.

      Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары үшін жоғарылату коэффициенттерінің мөлшері Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

      14. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне қатысты пайыздық қатынасқа сәйкес жылдар бойынша бөліністе айқындалады.

      Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      КШі = k* ЕШі,

      мұнда:

      КШі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) күрделі сипаттағы есептік шығындары;

      ЕШі – і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындары;

      k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.

      Республикалық бюджет пен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k шамасы 6,5%-ға тең болады.

      k шамасының мәні осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде қолданылатын шамалардың мәнін айқындау жөніндегі есеп-қисапқа сәйкес айқындалады.

      k коэффициентінің шамасы Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Республикалық бюджет пен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін r1 шамасы 18,3%-ға тең болады.

      r2 мөлшерінің шамасы бюджеттік алып қоюлар белгіленген өңірлер үшін және бюджеттік субвенциялар белгіленген өңірлер үшін жеке айқындалады.

      r1 және r2 шамасы осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде қолданылатын шамалардың мәнін айқындау жөніндегі есеп-қисапқа сәйкес айқындалады және Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.";

      Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесіне қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жалпы сипаттағы
трансферттердің есеп-қисаптар
әдістемесіне
1-қосымша";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 29 қаңтардағы
№ 13 Бұйрыққа
қосымша
  Жалпы сипаттағы
трансферттердің
есеп-қисаптар әдістемесіне
2-қосымша

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде қолданылатын шамалардың мәнін айқындау жөніндегі есеп-қисап

      1. k шамасының мәні мына формула бойынша айқындалады:


, мұнда:

      k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы;

      КШi – 2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың күрделі сипаттағы шығындары (республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді қоспағанда) бойынша жоспар 146 704 213 мың теңгені құрайды.

      АШi – 2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ағымдағы шығындары (республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді қоспағанда) бойынша жоспар 2 241 120 696 мың теңгені құрайды.

      2. r1 шамасының мәні мына формула бойынша айқындалады:


мұнда:

      r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;

      БДББi – 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде есептелген, 2016 жылғы жағдай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша көлем болжамы 345 777 437 мың теңгені құрайды.

      ТАШБi – 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде есептелген, 2016 жылғы жағдай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тұрақты сипаттағы ағымдағы шығындар (республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді қоспағанда) көлемінің болжамы 1 888 334 262 мың теңгені құрайды.

      3. r2 – жергілікті бюджеттер кірістерінің болжамды көлеміне бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың пайыздық қатынасының шамасы орта мерзімді кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілейтін заң жобасын әзірлеу жылының алдындағы алдыңғы үш жылдағы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің кірістері бойынша жоспарды асыра орындаудың орташа арифметикалық пайызы ретінде айқындалады.

      Бюджеттік алып қою белгіленген өңірлер үшін 2020 жылға арналған r2 шамасының мәні 5%-ға тең, бюджеттік субвенциялар белгіленген өңірлер үшін 4%-ға тең.

      Келесі жылдары бюджеттік алып қою мен бюджеттік субвенциялар белгіленген өңірлер үшін r2 шамасының мәні жыл сайын 1 пайыздық тармаққа артады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады