"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбасы түпнұсқалығының сәйкессіздігі себептерін анықтаудың қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 1012 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9282 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 18 сәуірдегі жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы |
А. Батырқожа |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті