"Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 10 ақпандағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 ақпанда № 22187 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10420 тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес";

      Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Соттардың қарап жатқан даулары кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары беретін Ұлы Отан соғысы қатысушысының куәлігі;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары немесе мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - зейнеткер куәлігі;

      3) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін - уәкілетті орган берген әскери билет;

      4) I және II топтардағы мүгедектер үшін - мүгедектігі туралы анықтама;

      5) жасы бойынша зейнеткерлер үшін - зейнеткер куәлігі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған және тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстанға келген және "Халықтың көш-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңның 8-бабының 5) тармақшасында көзделген тәртіпте өңірлерге қоныстандырылған этникалық қазақтың жеке басын анықтайтын құжат.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады