"Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 13 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 22191 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңның 69 бабы 4 тармағының екінші бөлігіне және 74-5-бабы 3-тармағының жетінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 297 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18176 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын;

      "Ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері белгіленсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті түрде таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері (бұдан әрі - Тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары (бұдан әрі – тарату комиссиясы) қызметінің ерекшеліктерін айқындайды.

      2. Тарату комиссиясы ерікті түрде таратылатын банктің акционерлері жалпы жиналысының шешімімен немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген рұқсатының негізінде қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалына (бұдан әрі – банк) қатысты Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің уәкілетті органының шешімімен немесе тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтінішпен банктің филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, банкті ерікті түрде таратуға немесе банк қызметін ерікті түрде тоқтатуға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей құрылады.

      Тарату комиссиясының құрамын өзгерту банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің уәкілетті органының шешімі бойынша жүзеге асырылады.";

      11-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) 10 (он) жұмыс күні ішінде:

      Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде кредиторлардың шағымдарын (өтініштерін) беру тәртібін, мерзімдері мен мекенжайларын (филиалдар желісі болған кезде – банк кредиторлары өз шағымдарын (өтініштерін) ұсынатын филиалдар мекенжайларын) міндетті түрде көрсетіп, банкті ерікті түрде тарату туралы ақпаратты жариялайды;

      банктің шоттарын салыстырып тексереді, оларды жабады және теңгемен және шетел валютасымен ағымдағы шоттарды ашады;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және мемлекеттік кірістер органдарына банкті ерікті түрде таратудың басталғаны, қызметінің ерікті түрде тоқтатылғаны туралы хабарлайды;

      қабылдау-өткізу актісі бойынша банктің активтерін, оның ішінде мүлкін қабылдайды;

      уәкілетті органның банкті ерікті түрде таратуға, банктің қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы шешімінің, акционерлердің жалпы жиналысының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің уәкілетті органының тарату комиссиясын құру туралы шешімінің көшірмелерін көруге қолжетімді жерде орналастырады;

      тарату комиссиясы құрылған күнде электрондық түрде бар, есепке алу автоматтандырылған жүйесі немесе деректерді өңдеу орталығы (сервер) деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің баланстық шоттарындағы және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21278 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 107 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептiлiкті ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есепті басып шығарады. Бұл ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда қолда бар қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;

      толық материалдық жауапкершілігі бар адамдар, оның ішінде банктің бухгалтерлік есебін жүргізудің және қаржылық және өзге есептілігін өңдеудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне немесе деректерді өңдеу орталығына (серверге) кіруге рұқсаты бар адамдар тобын айқындайды;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін мүліктің жеткіліксіз болу фактісі анықталған жағдайда тарату комиссиясы немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарын ескере отырып сотқа банкті банкрот деп тану туралы өтініш береді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тарату комиссиясы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21834 болып тіркелген "Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының есептері мен қосымша ақпаратының нысандарын, ұсыну мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 116 қаулысына сәйкес уәкілетті органға істелген жұмысы туралы есептерді және қосымша ақпаратты ұсынады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Кредиторлардың шағым-талап қоюы (өтініш беруі), оларды тарату комиссиясының қарауы және қабылдауы, сондай-ақ банктің аралық тарату балансын қалыптастыру мен бекіту Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21716 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысымен (бұдан әрі – № 114 қағидалар) бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларының және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 90, 91, 92, 94, 95 және 96-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Ерікті түрде таратылатын банктің кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметінің ерекшеліктері № 114 қағидалардың 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118 және 119-тармақтарымен белгіленеді.".

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады