2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 ақпанда № 22197 болып тіркелді

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-9-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 3 ақпандағы
№ 75 бұйрығымен
бекітілген

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-9-бабына сәйкес әзірленді және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару тәртібін айқындайды.

2-тарау. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару тәртібі

      2. Дербес шоттарды түгендеу мақсатында, жеке сот орындаушыларының дербес шоттарын іріктеу үшін мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушыларының дербес шоттарын жүргізу орны бойынша Комиссия құрады.

      3. Комиссия құрамына:

      1) жеке сот орындаушыларының есебін және дербес шоттарын жүргізуге;

      2) өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруге;

      3) жеке сот орындаушыларын тіркеуге;

      4) берешекпен жұмыс жасауға;

      5) камералдық бақылауға жауапты лауазымды тұлғалар енгізіледі.

      Комиссияны мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылатын төраға басқарады.

      4. Комиссия жеке шоттарында 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі (бұдан әрі – бересі) сомасы, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл (бұдан әрі – өсімпұл) сомасы бар жеке сот орындаушыларының жеке шоттарын іріктеу үшін жеке шоттарын түгендеу бойынша жұмысты жүргізеді.

      Түгендеу 2021 жылғы 25 ақпанға дейін жүргізіледі.

      Жеке сот орындаушыларының дербес шоттарында осы тармақта көзделген түгендеу аяқталған күннен кейін аукционнан алынатын алым, бересі, сондай-ақ өсімпұл бойынша есептелген (есептелген) сома туындаған кезде мұндай сомаларды есептен шығару Комиссия құрмай 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізіледі.

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген дербес шоттарында бересі және өсімпұл сомасы бар жеке сот орындаушыларының дербес шоттарын іріктеу үшін дербес шоттарын түгендеу аяқталғаннан кейін Комиссия осындай жеке сот орындаушыларының дербес шоттары анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару туралы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шешім (бұдан әрі – Шешім) шығарады.

      Бересі есептен шығарылған күнге (бересі есептен шығарылған күнді қоса алғанда) есептелген бересі мен өсімпұл сомасы есептен шығаруға жатады.

      Комиссия шешіміне комиссия төрағасы және оның мүшелері қол қояды.

      6. Шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы есептен шығару күніне бересі және өсімпұл сомасын есептен шығарады.

      Есептен шығару жеке сот орындаушысының дербес шотының "Кемітілді" – бересі сомасы, "Өсімпұл бойынша есептеу" – "Есептелді (кемітілді)" – минус белгісімен есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасы бағандарында және дербес шоттың "Операцияның және оның негізінде жазба (енгізу) жүргізілетін құжаттың мазмұны" бағанында шығарылған Шешімнің жазбалары көрсетіле отырып, жүргізіледі.

      7. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару туралы есеп (бұдан әрі – Есеп) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша) мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі –Комитет) 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде табыс етеді.

      Жеке сот орындаушыларының дербес шоттарында аукциондардан алымның, бересінің, осындай бересінің сомасына есептелген өсімпұлдың есептелген (есептелген) сомасы болған кезде 2021 жылғы 1 сәуірден кейін, бірақ 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей Есепті есептен шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер органдары Комитетке табыс етеді.

  2021 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша,
2023 жылғы 1 қаңтарға дейін
жеке сот орындаушыларының
дербес шоттарындағы
есептелген аукциондардан алым
бойынша бересі сомасын,
сондай-ақ осындай бересі
сомасына есептелген
өсімпұл сомасын есептен
шығару қағидаларына
1-қосымша
  нысан

      2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы есептелген аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару туралы

№ ____ шешімі

      __________________________________________________ 20__ жылғы "__" ________

                  (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-9-бабына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының жеке шоттарындағы бересі сомасы, сондай-ақ мынадай салық төлеушілер бойынша осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылуға жатады:

  теңге

Жеке сот орындаушының жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН)

Жеке сот орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Бюджеттік сыныптама коды (БСК)

Есептен шығаруға жататын бересі сомасы

Есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасы

2023 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген (есептелген) аукциондардан алым бойынша бересі сомасы

1

2

3

4

5

6

7









Жиыны

Х

Х




      Комиссия төрағасы ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы)

      Комиссия мүшелері ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы)

  2021 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша,
2023 жылғы 1 қаңтарға
дейін жеке сот
орындаушыларының
дербес шоттарындағы
есептелген аукциондардан алым
бойынша бересі сомасын,
сондай-ақ осындай бересі
сомасына есептелген
өсімпұл сомасын есептен
шығару қағидаларына
2-қосымша
  нысан

      20__ жылғы "___" _______ бастап 20__ жылғы "___" _______ дейінгі кезеңге 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке сот орындаушыларының дербес шоттарындағы аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару туралы есебі

      ___________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

  теңге

Мемлекеттік кірістер органының коды

Жеке сот орындаушының жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН)

Жеке сот орындаушының аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде)

Бюджеттік сыныптама коды (БСК)

Бересі сомасын есептен шығару туралы мәлімет

Өсімпұл сомасын есептен шығару туралы мәлімет

2023 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген (есептелген) аукциондардан алым бойынша бересі сомасын есептен шығару туралы мәлімет

күні

сомасы

күні

сомасы

күні

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













Жиыны

Х

Х

Х

Х


Х


Х


      Мемлекеттік кірістер органының басшысы

      (басшының орынбасары) _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады