БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17515 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қазанда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанында:
1-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Адвокат Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетеді:
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшылар мен жауапкерлерге;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге;
4) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға. Адвокаттар қажет болған жағдайларда құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттар жасайды.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі азаматқа тегін көрсетіледі.
Адвокаттың көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беру, қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшерде бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әкімші адвокаттың заң көмегін көрсеткені үшін төленуге тиіс және қорғауымен және өкілдік етуімен байланысты шығыстарды өтеуге тиісті бюджеттік қаражатты адвокаттың банктік шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде аударады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Келісім Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде қалыптасады, Тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және келесі жылдың соңына дейін қолданылады.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |